"Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

"Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

"Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

Бүгін Астана медицина университетінде халықаралық өкілдер қатысатын "Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда өлім-жітім құрылымында жарақаттар жүрек-қан тамырлары ауруларынан, тыныс алу органдарынан және онкологиялық аурулардан кейін төртінші орында. Осыған байланысты, соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің кең спектрі жүзеге асырылатын, жаңа медициналық технологияларды белсенді дамытатын және енгізетін медицина саласы – травматология және ортопедия саласы болып табылады.

Конференция травматология және ортопедия саласындағы отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ сабақтас мамандықтардың кең спектрін біріктірді. Іс-шара барысында тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен ауруларын диагностикалау және емдеу, сондай-ақ медициналық мекемелердің практикасына инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бағдарламада Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан сарапшыларының күрделі операцияларын талдайтын шеберлік сыныптары жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің құттықтау сөзінде мемлекет басшысы саясатының арқасында отандық денсаулық сақтау саласы өз дамуында серпіліс жасай алғанын, бұл қазақстандықтардың өмір сапасына оң әсер еткенін атап өтті. «Елімізде экономикалық әл-ауқаттың өсуімен тікелей байланысты денсаулық сақтау саласының жоспарлы дамуы байқалады. Жоғары технологияларды, әлемдік жетістіктерді жоспарлы пайдалануды жеделдету, дәрігерлік кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен аурулары кезінде диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын белсенді енгізу маңызды», - деп атап өтті министр өз сөзінде.

Өз кезегінде Басқарма төрағасы – Ректор Камалжан Надыров жарақаттану тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін де қазіргі заманның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі екенін атап өтті. Ол резидентура бағдарламасы бойынша университетте травматолог-ортопедтердің 28 дәрігері білім алатынын, сәйкесінше магистранттар мен докторанттар өз зерттеулерінің бағыты ретінде дәл осы бағытты таңдайтынын атап өтті.

Конференция медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, ғылымға қосқан зор үлесі үшін әл-Фараби күміс медалінің лауреаты Әлібек Жанпейісұлы Әбдірахмановтың 80 жылдығына арналған. Әлібек Жанпейісұлы еліміздегі травматология мен ортопедияның дамуына және Астана медицина университетінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол Астана медицина университетінде 30 жылдан астам қызмет атқарды, ассистент, профессор, кафедра меңгерушісі, емдеу факультеті деканының орынбасары, институттың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. Оның басшылығымен 33 ғылым докторы мен кандидаты дайындалып, травматология және ортопедия саласында бірқатар жаңа технологиялар енгізілді.

Конференция барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният профессор Ә.Әбдірахмановқа академик «Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының құрметті профессоры» атағын табыс етті.

Конференция барысында академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТОО директоры Олжас Бекарисов өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, конференция мамандардың кәсіби деңгейін арттыру және Қазақстанның ортопедиялық-травматологиялық қызметінің жұмысын үйлестіру үшін диалог алаңына айналатынына, жақын және алыс шетелдерден келген әріптестердің тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Іс-шара жас мамандардың үлкен қызығушылығын тудырды, олар үшін бұл шетелге бармай-ақ, аға буын өкілдерінен, профессорлардан, алыс және жақын шетелдердің ірі орталықтарының басшыларынан тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік болды. Конференция аясында олар үшін «Батпенов оқулары» атты жас ғалымдар байқауы өткізіледі.

Конференция аясында көрме өтті, онда жетекші медициналық бұйымдар мен медициналық техника өндіруші қазақстандық және шетелдік компаниялар травматология және ортопедия саласындағы диагностика, емдеу, медициналық оңалту бойынша өз әзірлемелерін ұсынды.

Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының қолдауымен қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының және академик Нұрлан Батпенов атындағы қоғамдық қордың қолдауымен өтіп жатыр және екі күнге созылады, 28-шілдеде аяқталады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика