Университет жатақханасына орналасу үшін 2-7 курс студенттерінен өтініштерді 10.08.2023 - 20.08.2023 тамыз аралығында қабылданады!

Университет жатақханасына орналасу үшін 2-7 курс студенттерінен өтініштерді 10.08.2023 - 20.08.2023 тамыз аралығында қабылданады!

Университет жатақханасына орналасу үшін 2-7 курс студенттерінен өтініштерді  10.08.2023 - 20.08.2023 тамыз аралығында қабылданады!

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 25.08.2023 - 31.08.2023 АРАЛЫҒЫНДА БАСТАЛАДЫ

 

Жатақханаға орналасуға өтініш Platonus ААЖ арқылы беріледі:

1. https://pl.amu.kz/ сайтына кіріңіз

2. Жеке логин мен парольді енгізіңіз

3. "Жатақхана модулін таңдап, "Өтініш беру" батырмасын таңдап, "Жасау" батырмасын басыңыз, Сізге белгіленген барлық тармақтарды толтыру қажет.

4. Егер де Сізде жеңілдік болса, онда құжатқа сәйкес растау құжаттарын қосымша енгізу керек. Жеңілдік болмаған жағдайда, мәзірде жеңілдік жоқ батырмасын басып Платонус арқылы өтініш бересіз.

5. "Өтініш беру" батырмасын басыңыз.

 

Жатақханадағы орындарды конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия қарастырады.

Жатақханаға орналастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды комиссия қабылдамайды.

 

 

УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ ОРЫНДАРМЕН, ЕҢ АЛДЫМЕН, ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНАН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ:

 

1) балалар үйінің түлектері қатарынан жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) I және II топтағы мүгедек балалар не жақын туыстары (әкесі, шешесі);

3) асыраушысынан айырылу себебінен немесе некені бұзу себебінен толық емес отбасылардан шыққан балалар;

4) ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Арал ауданына, Чернобыль жарылысына және адам денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар балалар;

5) көп балалы отбасылардан шыққан балалар (мектепке дейінгі, мектеп жасындағы 4 және одан да көп балалар);

6) ата-аналары интернационалдық әскерлер контингентінің құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан балалар;

7) студенттік өзін-өзі басқару шешімі бойынша жатақханалардың студенттік кеңесінің мүшелері;

8) Жастар ісі және спорт орталығының қолдаухаты негізінде университет белсенділерін орналастыру;

9) қандас, оның ішінде алыс және жақын шетелден келген шетелдік студенттер.

 

ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЗІМІ УНИВЕРСИТЕТ САЙТЫНДА "ЖАҢАЛЫҚТАР" БӨЛІМІНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ.

 

Сіз өз атыңызды тапқаннан кейін (2-7 курс студенттері), 2023 жылдың 22 тамызынан бастап Жеңіс көшесі, 35 (жатақхананың оқу залы).

Өзіңізбен бірге:

 

1. Jpg форматындағы 3*4 өлшемді түсті фотосуреттің электрондық нұсқасы;

2. Файлдық папка (студенттің аты-жөні папкасының мұқабасына).

Әр файлдағы файл қалтасына тізімге сәйкес құжаттарды тізім бойынша салыңыз:

3. Жеке куәліктің көшірмесі;

4. Флюорография-суреті;

5. 075-У нысаны;

6. Төлем туралы чек;

"Халық банкі" АҚ арқылы төлем деректемелері

"Астана медицина университеті" КеАҚ

БСН 080940008218

Кбе 16

ЖСК KZ066010111000096257 (KZT)

"Қазақстан Халық банкі" АҚ

БИК HSBKKZKX

 7. Жетім балалар үшін-балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қамқоршылық туралы анықтама (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

8. I және II топтағы мүгедек білім алушылар үшін не жақын туыстары (әкесі, шешесі) – мүгедектігі туралы анықтама немесе мүгедектік куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

9. Толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-некені бұзу туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

10. Көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-ата-анасының жеке куәлігінің және кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігінің көшірмелері, ата-анасының неке туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

11. Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар білім алушылар үшін растайтын құжаттарды ұсыну;

12. Білім алушылар үшін – ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін (қандас) – қандастың мәртебесін растайтын құжат.

 

ЖАТАҚХАНА ҮШІН ТӨЛЕМ:

 

Барлық сұрақтар бойынша Call-center нөміріне хабарласуға болады:

 

8 700 153 94 47

 

8 (7172) 53 94 47

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика