№ 2 КҚБА базасында «Балалардағы зәр шығару және несеп-жыныс жүйелерінің даму ақауларын түзету» мастер-класы басталды

№ 2 КҚБА базасында «Балалардағы зәр шығару және несеп-жыныс жүйелерінің даму ақауларын түзету» мастер-класы басталды

№ 2 КҚБА базасында «Балалардағы зәр шығару және несеп-жыныс жүйелерінің даму ақауларын түзету» мастер-класы басталды

   Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Камалжан Надыров № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында басталған «Балалардағы зәр шығару және несеп-жыныс жүйелерінің даму ақауларын түзету» мастер-класының ашылуына қатысты.

      Мастер-класс Астана медицина университетінің қолдауымен ұйымдастырылған, оны Түркиядан шақырылған «Стамбул Медениет университетінің» Гезтепе оқу-зерттеу ауруханасының дәрігерлері – профессор, PhD, Еуропалық балалар урологиясы қоғамының, Еуропалық балалар хирургиясы қауымдастығының мүшесі Шейхмус Керем Өзел және балалар урологі Arzu Canmemiş жүргізеді. Үш күн ішінде олар аурухана мамандарымен бірге 7 операция жасайды.

    №2 КҚБА дәрігерлері жыл сайын урология, нейрохирургия, травматология, ортопедия, жақ-бет хирургиясы сияқты түрлі бағыттар бойынша 13 мыңнан астам ота жасайды. Кішкентай пациенттердің ата-аналары аурухана қызметкерлеріне балалардың толыққанды дамуына жаңа мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

     "№2 КҚБА біздің ЖОО-ның толыққанды білім беру клиникалық базасы болып табылады және Біз үшін оқытушы-практик дәрігерлердің шетелден келген әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар екендігі маңызды", - деді Камалжан Надыров. «Осындай шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер, оқыту модульдері, тағылымдамалар түріндегі іс-шаралардың кең спектрі кафедра қызметкерлерінің де, резиденттердің де біліктілігін едәуір арттырады. Резиденттер теориямен қатар әртүрлі патологиялары бар науқасты көруге және емдеуге, көпсалалы топтарда, әртүрлі бөлімшелердің процедуралық бөлмелерінде және операциялық залдарда жұмыс істеу машықтарын дамытуға мүмкіндік алады. Мұның бәрі, сөзсіз, бүкіл білім беру үдерісін жетілдіруге әсер етеді» - деп атап өтті Ректор.

     Мастер-классқа қатысушыларға сәттілік және кішкентай пациенттерге денсаулық тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика