Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология ҒЗИ ашылу салтанаты өтті

Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология ҒЗИ ашылу салтанаты өтті

Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология ҒЗИ ашылу салтанаты өтті

Ғылыми-зерттеу институтының ашылу салтанатында Басқарма төрағасы – ректор Камалжан Надыров құттықтау сөз сөйледі. Ол Жанғали Хамзабайұлының Қазақстан Республикасында сәулелі диагностика қызметін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Салтанатты шара барысында ғылыми-зерттеу институтының құрылу тарихы, даму мақсаттары, келешегі және алдағы жоспарлары туралы оның директоры Раушан Рахымжанова айтып берді.

Институт білікті радиолог-мамандарды дайындайды, инновациялық технологияларды енгізеді және халыққа сапалы диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін интеграциялаумен айналысады.

Құттықтау сөзімен Rainer Rienmuller (Вена, Австрия) – еуропалық кардиорадиологтар қоғамының президенті, Еуропалық радиологтар мектебінің жетекшісі Грац – Туториал, соңғы 10 жылда Прага Туториал сөз сөйледі.

Профессор А.В.Рубцова (Мәскеу, Ресей) профессор, РАҚ академигі - РФ ДСМ "ҰҒМРО" ФМБМ бас директоры, П.А. Герцен атындағы МҒЗОИ (Ресей) директоры А.Д. Каприннің алғысын жеткізіп, құттықтау сөздерін оқыды.

Сібір мемлекеттік медицина университетінің сәулелі диагностика кафедрасының меңгерушісі, профессор В.Д. Завадовскаяның құттықтау сөзі де оқылды (Томск, Ресей).

Өзінің құттықтау сөзінде Dileep Kumar (UIH global Scientific Collaborations Director, Қытай) халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы айтты. Астана медицина университетінің профессоры, академик Райс Төлебаев Жанғали Хамзабайұлымен арадағы болған ынтымақтастық пен достық туралы жақсы естеліктерімен бөлісті, оның көпқырлы еңбегіне тоқталып, Қазақстандағы радиологиялық қызметтің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

Ж.Х.Хамзабаевтің шәкірті-ізбасары профессор Т.Б. Даутов Шығыс және Орталық Азия елдерінде алғаш рет өткізіліп отырған Asian TUTORIAL 2023 Азия-Мұхит радиология мектебінің ашылуы туралы ақпаратпен бөлісті.

Радиология ҒЗИ қабырғасында академик Ж.Х. Хамзабаевтың мұражайы ашылды, онда оның өмірі мен қызметі туралы тарихи құжаттар, Қазақстан радиологтар қоғамының құрылу тарихы мен даму жолдары туралы ақпарат беретін материалдар жинақталған.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика