2023 жылғы 29 қыркүйекте «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» РҚБ ІІ-ші конгресі өтеді.
Конгрестің негізгі тақырыбы: «Хирург және эндокринолог тәжірибесіндегі 2 типті қант диабетінің лапароскопиялық метаболикалық хирургиясы». 27-28 қыркүйекте бариатрия бойынша мастер-класс Хусейн Бен Талал көшесі, 25/1-үй (2 қабат) мекен-жайындағы Астана Green Clinic көпсалалы хирургия бөлімшесінің базасында өткізіледі.
Конгресс өтетін орын: Астана қаласы, Сауран көшесі, 46-үй мекенжайындағы «Hilton Astana» қонақ үйі.
Қазақстан KaSBariMeT конгресі Астана медицина университетінің қолдауымен «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» және «Қазақстанның эндокринолог-дәрігерлерінің қауымдастығы» атты екі республикалық қоғамдық бірлестіктің бастамасымен ұйымдастырылады.
Конгресстің өзектілігі 2-ші типті қант диабеті және преддиабетпен ауыратын науқастар санының жыл сайын өсуімен байланысты, қазіргі уақытта олардың Қазақстандағы саны бір миллионнан астам адамды құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі және басқа да асқынулар осы пациенттер арасында жоғары өлім-жітімнің себебі болып отыр. Жыл сайын 2-типті қант диабетімен ауыратын 10 мыңнан астам адам қайтыс болады. Мыңдаған адамдар көру қабілетінің нашарлауы және аяқ-қолдарының ампутациясына байланысты мүгедек болып қалады.
Аталмыш конгресс кәсіби хабардарлықтағы алшақтықты жоюға және эндокринологтар мен метаболикалық хирургтардың 2-типті қант диабеті мен предиабеттің метаболикалық хирургиясы кезінде өзара бірлесіп тиімді әрекет орнатуына арналған.
Халықаралық және ұлттық үздік сарапшылардың қатысуымен осы мәселелерді талқылау және пәнаралық тәсіл орнату осы әлеуметтік маңызды патологияны емдеу нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
KaSBariMeT-2023 ұйымжастыру комитеті