2023 жылғы 29 қыркүйекте қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының «Хирург пен эндокринологтың клиникалық практикасындағы ІІ типті қант диабетінің метаболикалық хирургиясы» атты кезекті ΙΙ-ші Конгресі өтті. Конгресті дүниежүзілік метаболикалық хирургияның негізін қалаушы, АҚШ Минесота университетінің және «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың Құрметті профессоры Генри Бухвальд конгресті ашып берді.
Конгресс аясында 27-28 қыркүйек күндері «Green Clinic көпсалалы хирургия бөлімшесі» базасында бариатрия бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Қазақстандық ΙΙ-ші KaSBariMeT конгресі Астана медицина университетінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» және «Қазақстанның эндокринолог-дәрігерлерінің қауымдастығы» атты екі республикалық қоғамдық бірлестіктің бастамасымен ұйымдастырылды.
Когнреске Түркия, Литва, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресей елдерінен елдерінен келген жетекші мамандар метаболикалық хирургия мен ІІ типті қант диабетінің асқынулары мен осы аурулардан болатын өлім-жітім деңгейлерін төмендету үшін емдеудің жаңа әдістерін ұсынды.
Әлемде ІІ типті қант диабеті және диабеталды белгісімен ауыратын науқастар санының жыл сайын өсуі байқалады, Қазақстанда олар бір миллионнан астам адамды құрайды. Дамып келе жатқан бүйрек жеткіліксіздігі және басқа асқынулар осы науқастар арасында жоғары өлім-жітімнің себебі болып табылады. Жыл сайын ІІ типті қант диабетімен ауыратын 10 мыңнан астам адам қайтыс болады. Мыңдаған адамдар көру қабілетінің нашарлауына және аяқ-қолдарының ампутациясына душар болады.
Конгресс ІІ типті қант диабеті мен диабеталды метаболикалық хирургияның еміне қатысты эндокринологтар мен метаболикалық хирургтар арасында кәсіби хабардарлықты арттыруға және өзара тиімді әрекет орнатуға ықпал етті. Халықаралық және ұлттық жетекші сарапшылардың қатысуымен осы мәселелерді талқылау және пәнаралық тәсіл осы әлеуметтік маңызды патологияны емдеу нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.