Психикалық аурулар мен жүйке жүйесі шаршауының алдын алуға арналған кездесу өтті

Психикалық аурулар мен жүйке жүйесі шаршауының алдын алуға арналған кездесу өтті

Психикалық аурулар мен жүйке жүйесі шаршауының алдын алуға арналған  кездесу өтті

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.

 Психикалық денсаулықтың негізгі критерийлері: мықты жүйке жүйесі, сау дене, ақыл және рух. Мұның бәрі, өз кезегінде кез-келген өмірлік қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін кешенді әл-ауқат жағдайын сипаттайды.

Психикалық денсаулық күні аясында 2023 жылдың 29 қыркүйегінде Спорт және жастар ісі жөніндегі орталық «Астана медицина университеті» КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесіп, психикалық аурулар мен жүйке жүйесі шаршауының алдын алуға арналған іс-шара өткізді. Іс-шарада спикерлер психиатрия және наркология кафедрасының резиденттері болды, олар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бакалавриат студенттеріне маңызды ақпаратпен бөлісті.

Дәрістер топтамасы келесі жұмада, 2023 жылдың 6 қазанында «Астана медицина университеті» КеАҚ бас ғимаратының коворкинг кабинетінде жалғасады. Психикалық денсаулық туралы көбірек білгісі келетіндерді қызықты кездесу күтіп тұр.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика