Қызмет бастауындағы болашақ дәрігерлерге – мансап туралы

Қызмет бастауындағы болашақ дәрігерлерге – мансап туралы

Университет түлектерінің жұмысқа орналасуы – болашақ дәрігердің тағдырындағы ең маңызды кезең. Бұл мәселе бойынша жауапты қадам – олардың әрқайсысының болашақтағы жетістіктерінің кепілі.     

«Фармация» және «Стоматология» мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен және Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы қызметкерлерімен кездесу өтті.  

Жыл сайынғы кездесу Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының бастамасымен өткізіледі. Орталықтың мақсаты – түлектерді жұмыс берушілермен кездестіру.  

«Астана медицина университеті» КеАҚ-та өткен кездесу барысында «МедСервис» ЖШС мен «Стофарм» ЖШС фармацевтикалық компанияларының өкілдері Фармация мектебінің түлектеріне толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Кездесу барысында фармацевтикалық компаниялардың басшылары түлектерді өз компанияларының құрылымымен, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарымен таныстырды.  Түлектер жұмысқа орналасу кезеңдерімен және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысты.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері «Стоматология» және «Фармация» мамандықтарының 2024 жылғы түлектеріне жұмыс орындарына бөлу және жіберу; өтініштер беру; мемлекеттік гранттар мен ауылдық квотаны жұмыспен өтеу мүмкіндіктері; жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерден босату; оларды оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды кейінге қалдыру және өтеу мәселелері жөнінде түсіндірді.  

Болашақ түлектер өңірлер мен мамандықтар бойынша жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен таныстырылды.   
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика