Астана медицина университеті емтиханды қайта тапсыру барысында болған оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат бойынша ректордың тапсырмасы бойынша тәртіптік комиссияның қайта отырысы өткенін хабарлайды.
Тексеру қорытындысы бойынша университеттің корпоративтік мәдениет және этика кодексін және академиялық саясатын бұзғаны үшін оқытушыны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.
ЖОО аталған студентке кәсіби заңгерлік және психологиялық көмек көрсету шараларын қабылдады.
Осындай фактілердің алдын алу мақсатында университетте бірқатар шаралар қабылданды, оның ішінде: анонимді желіні ұйымдастыру (телефон және сенім жәшігі), дәріс залдарын бейнекамералармен қосымша жарақтандыру, студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін сарапшылардың қатысуымен харассменттің алдын алу жөніндегі дәрістер өткізу.
Астана медицина университеті шешім қабылдауда ашықтық пен негізділікті, Академиялық адалдық, Корпоративтік мәдениет және этика кодексі қағидаттарын ұстануды қамтамасыз етеді.
Баспасөз қызметі