ДДҰ Астана медицина университетінің еріктілерін марапаттады

ДДҰ Астана медицина университетінің еріктілерін марапаттады

ДДҰ Астана медицина университетінің еріктілерін марапаттады

Қазақстанда ресми түрде 200 мыңға жуық адам және 600-ден астам ұйым қайырымдылықпен тұрақты айналысады. Бұл салаға көмектесіп, дамытқысы келетін белсенді азаматтардың қатары, әсіресе, жастар арасында жылдан-жылға артып келеді.

Астана медицина университетінің студенттері де жыл сайын волонтерлік қозғалысты дамытуға өз үлестерін қосуда. Жақында біздің жігіттер ерікті ретінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жағдайда ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Скендер Сыла ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясына белсене қатысқан еріктілерге алғыс хаттар табыс етті.

АМУ волонтерлерінің мұндай іс-шараларға қатысуы бірінші рет емес, біздің студенттер ел үшін пандемияның ең қиын кезеңінде өз өмірлерін қатерге тікті. Студентіміз Мейрам Төлегенов елордада COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайын анықтаған жедел жәрдем бригадасының құрамында болды. Тағы 300-ге жуық студент еріктілер халық көп жиналатын орындарда, әуежайларда, вокзалдарда, ауруханаларда және жедел жәрдем станцияларында жұмыс жасады.

Халықаралық студенттер күніне арналған жиын барысында жатақханадағы студенттердің өмірі туралы шығармашылық бейнеролик байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді. Студентер күніне арналған іс - шараның соңында мерекелік концерт өтті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика