Астана медицина университетінің қызметкері Президенттік тестілеуден Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
24-31 жас аралығындағы ерлер арасында спорттық медицина және оңалту кафедрасының ассистенті, дәрігер-реабилитолог Бірлік Нұрсұлтан абсолютті чемпион атанды.
Күні кеше Өскеменде жабық ғимараттағы Президенттік тестілеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған біздің спортшылардан бөлек 14 команданың өкілдері қатысты, қатысушылардың жалпы саны 160 адамды құрады. Қазақстанда көп жылдардан бері Президенттік сынақтар өтк3з3луде және олардың басты мақсаты – ұлт денсаулығы.
Президенттік сынақтар – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын жаттығулар (тесттер) кешені. Президенттік тестілер Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.
Президенттік сынақтардың тізіміне мыналар кіреді: жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метр), тұрып ұзындыққа секіру, штангаға тартылу, денені көтеру, ату, шаңғы тебу, доп лақтыру және т.б. .
Бірлік Нұрсұлтан 60 метрге жүгіруден 1 орын, ұзындыққа тұрып секіруден 2 орын, тартылу - 1 орын, кросс - құрметті 1 орын. Барлық сынақтардың жиынтық ұпайларымен біздің спортшы өз жас тобында абсолютті чемпион атанды.
Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта үлкен жеңістер тілейміз!!!