Астана медицина университетінің студенті Эльдар Мнаж «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясында «Жылдың үздік волонтеры» халықаралық сыйлығын жеңіп алды.
Ұлттық музейде «Халықаралық «Жыл волонтеры» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Бұл сыйлық Мемлекет басшысының тапсырмасымен тағайындалды.Шараға БҰҰ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Сауд Арабиясының және басқа елдердің делегаттары қатысты.
Белсенді волонтерлар 15 номинация бойынша марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Астана медицина университетінің 3 курс студенті – халықаралық ғылыми жобалардың бірнеше мәрте жеңімпазы Эльдар Мнаж да болды.
Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы мәселелерді шешуге, волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді, сондай-ақ волонтерлар топтарын, волонтерлік ұйымдарды ынталандыру және ынталандыруға бағытталған.
Бұл сыйлық келесі номинациялар бойынша берілді: үздік волонтерлік ұйым; корпоративтік волонтерлік жетекші; тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы; үздік әлеуметтік көмекші; төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін; хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін; қылмыс құрбандарына көмек көрсетуге белсене қатысқаны үшін; денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін; салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін; білімді насихаттауға қосқан үлесі үшін; қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін; бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін; тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін; жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін; әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік мүсіншелер табыс етілді. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады.