Ректордың студенттік белсенділермен кездесуі

Ректордың студенттік белсенділермен кездесуі

Ректордың студенттік белсенділермен кездесуі

     Астана медицина университетінің студенттері дауыс беру арқылы өздерінің студенттік ректорын сайлады. Бұл «Медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Айдос Бүркітов болып сайланды.. Таңдау кездейсоқ емес – ол университет өміріне белсенді араласатын студент, KazMSA мүшесі және университет футбол командасының ойыншысы.

       Ректор белсенді жастармен кездесуінде студенттер университеттің қоғамдық өміріне қатысуы, студенттік деканаттың құрылуы, спорт және жастар ісі жөніндегі орталығымен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады.

       Ректор Қ.Т. Надыров студенттермен кері байланыс қаншалықты маңызды екенін атап өтті, ол білім сапасы туралы әрбір студенттің пікірі қаншалықты маңызды екенін және бұл туралы әкімшілік университеттің аудиторияларында жабдықталған QR код  арқылы біліп отыратын атап айтты.

       Камалжан Талғатұлы белсенділерді жастар саясатын дамытуға және университетте болып жатқан үдерістерге студенттерді қатыстыруға, кез келген мәселені талқылап, шешуге белсенді атсалысуға шақырды.

        Тараптар студенттік үкімет оппозиция емес, әлеуметтік желілерде петициялар мен жазбалар арқылы талаптар қоятын максималистер қоғамы емес, керісінше қызығушылық танытатын және өздерінің alma-mater жақсартуға ұмтылатын адамдар қауымдастығы екендігін айқындап кетті.

       Сонымен қатар, академиялық саясат пен бекітілген ережелер  студентке де, оқытушыға да, университет ректорына да қатысты екені айтылды.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика