Биоэтика бойынша жергілікті комиссияның отырысы өтті

Биоэтика бойынша жергілікті комиссияның отырысы өтті

Биоэтика бойынша жергілікті комиссияның отырысы өтті

Астана Медицина Университетінің негізгі бағыттарының бірі биомедициналық зерттеулер жүргізумен ғылыми қызмет жүргізу, сондықтан этикалық нормаларды сақтау маңызды сәт болып табылады.

Биоэтика – бұл биомедициналық технологияның адам үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін жағымсыз әсерлері туралы ескертетін принциптердің жиынтығы. Биомедициналық зерттеулерде биоэтика қағидаттарын қатаң сақтау «Астана медицина университеті» КеАҚ Биоэтика жөніндегі Жергілікті комиссиясының (бұдан әрі – БЖК) жұмысы есебінен қамтамасыз етіледі.БЖК биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды жоспарлау кезеңінде, орындау барысында және аяқталғаннан кейін биомедициналық зерттеулер жүргізуге байланысты құжаттарға биоэтикалық сараптама жүргізетін тәуелсіз сараптама органы болып табылады.

БЖК құрамы проректордың бұйрығымен бекітілген және оған төраға, орынбасар, 13 сарапшы және хатшы кіреді. БЖК төрағасы - Рахметова Венера Саметовна, м.ғ. д., профессор; орынбасары - Камалбекова Гульнара Маратовна, м. ғ. к.; хатшысы - Әуезханова Гүләзия Нұрланқызы, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығының маманы. Өткен 2023 жылы БЖК-да 16 отырыс өткізілді, онда 189 өтінім қаралды, оның ішінде: бастапқы өтінімдер 162, оның ішінде мақұлданған 135, ескертулермен мақұлданған 50; қайталама өтінімдер 27, оның ішінде мақұлданған 14, ескертулермен мақұлданған 7, қайталама өтінімдер 2.

Университет сайтында https://amu.edu.kz/ru/science/kollegialnye-organy/eticheskiy-komitet / сіз БЖК құрамы, отырыстар кестесі, сараптамаға арналған құжаттар тізімі, өтініш берушілерге арналған нысандар, сондай-ақ СОР, жылдық есептер, хатшылықтың байланыстары туралы толығырақ ақпаратты таба аласыз.

Суретте: 30.01.2024 жылғы кезекті отырыста БЖК сарапшыларының жұмыс процесі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика