Операциялық мейірбике күні құтты болсын!

Операциялық мейірбике күні құтты болсын!

Операциялық мейірбике күні құтты болсын!

15-ші ақпанда әлем бойынша Операциялық мейірбикелердің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл мамандық иелері операциялық бөлмелерде маңызды рөл атқарып, хирургиялық процедуралар кезінде пациенттердің қауіпсіздігі мен күтімін қамтамасыз ететін жандар.

Заманның дамуына байланысты операциялық мейірбикелерге де қойылатын талап та күшейіп келеді. Әсіресе бұл мамандарды дайындауда сапалы білім беру және оқытудың маңызы зор. Жаңа хирургиялық процедураларды, технологияларды, инфекцияны бақылаудың жаңартылған хаттамаларын, сол секілді пациенттердің қауіпсіздігі мен төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуден бөлек, оларға хирургиялық топпен бірлесіп жұмыс істеу мен коммуникациялық дағдыларды меңгеріп, хирургиялық білім және технологияларды қолдана отырып, тапсырмаларды жылдам және дәл орындау аса өзекті.

Қазақстанда мейірбикелер медициналық персонал құрылымындағы ең көп мамандардың бірі, олар денсаулық сақтау қызметкерлерінің 60%-на жетеғабыл (ДДҰ мәліметтері бойынша). Тұтастай Қазақстандағы мейіргер мамандарының үлесі 75%-дан асады.

Бұған қоса науқастар мен медицина қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастың 90%-ы дәл осы мамандарға тиесілі. Осыдан-ақ медициналық көмектің тиімділігі көп жағдайда мейірбикелердің кәсібилігі мен құзыреттілігіне және дайындық деңгейіне байланысты екенін көрсетіп отыр.

Елімізде жоғары білікті мейірбикелерді даярлау ісі Астана медицина университетінде жолға қойылған. Университет мейірбике ісі мамандығы бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD дайындайды. Білім беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері мыңнан астам жоғары білімді мейірбике шығарылды. Қазір 145 адам бакалавриат бойынша білім алып жатыр, оның ішінде 58-і қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алып, қазір жұмыс істеп жүр. Университетте магистратура бағдарламалары енгізілгелі бері мейірбике ісі мамандығы бойынша 32 магистр дайындалды. Қазіргі университетте «Мейірбике ісі ғылымы» бағдарламасы бойынша 5 докторант білім алып жатыр, олар оқуды мамандандырылған кафедрадағы жұмыспен ұштастырып, бакалаврларға мейірбике ісін оқытады.

Университет мейірбике ісі бойынша магистр дәрежесін алу кезінде клиникалық жұмысты және оқытуды жалғастыруға мүмкіндік беру үшін биыл біржылдық сырттай мейіргер ісіне сәйкес ғылым магистрі бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Дәлелдерге негізделген тәжірибе, үздіксіз оқу және зерттеулерге қатысу әрбір мейірбикенің табысты қызметінің кепілі болып саналады.

Бакалавриат, магистратура және PhD деңгейлерінде мейірбикелерді дайындау аталған бағытта оқытушыларды дайындап, дәлелдерге негізделген мейірбикелік істі зерттеу мен практиканы дамыту үшін маңызды.

Барлық операциялық мейірбикеге қажырлы еңбегі мен адал қызметі үшін алғыс білдіреміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика