2023 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында ECAQA – «Еуразиялық аккредиттеу және білім беру және денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығының» сыртқы сараптау комиссиясы резидентураның екі білім беру бағдарламасы: 7R01150 «Патологиялық анатомия» және 7R01108 «Ядролық медицина» бойынша алғашқы халықаралық аккредиттеуді жүргізу, сондай-ақ Университеттің Симуляциялық орталығын халықаралық институционалдық аккредиттеу мақсатында «Астана медицина университеті» КеАҚ-қа сапармен келді.
Сыртқы сараптау комиссиясының төрағасы медицина ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры, «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері А.М. Курманова болды.
Комиссия құрамында шетелдік сарапшы ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің Аттестаттау және аккредиттеу орталығының басшысы Зульфия Абдулловна Зарипова таныстырылды.
Ұлттық сарапшылар тобының құрамында аккредиттеуге «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, «Семей медицина университеті» КеАҚ, Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының Оқу-симуляциялық орталығы, «Онкология және радиология қазақ ҒЗИ» АҚ Дипломнан кейінгі білім беру орталығы, «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» КеАҚ, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС жұмыс берушілері мен студенттерінің өкілдері қатысты.
Аккредиттеу процесінде сарапшылар мәлімделген субъектілер қызметінің сәйкестігіне жан-жақты бағалау жүргізді, оқытушы-профессорлар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және білім беру бағдарламаларының серіктестерімен кездесті, практикалық сабақтарға қатысып, «АсМУ» КеАҚ-тың Симуляциялық орталығына және клиникалық базаларына барды.
Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне алғыс білдіреді.