АстМУ-де крикеттен жарыс өткізілді Астана медицина университетінде үндістандық және пәкістандық 60-қа жуық студенттің қатысуымен крикеттен жарыс ұйымдастырылды.

Астана медицина университетінде үндістандық және пәкістандық 60-қа жуық студенттің қатысуымен крикеттен жарыс ұйымдастырылды.

Крикет – Қазақстанда аса танымал спорт емес. Бірақ әлемнің көптеген елінде кең таралған командалық ойынның бірі. Осы ретте университет ұжымы шетелдік студенттердің қызығушылығын ынталандыру мақсатында аталған спорт түрінен жарыс өткізуді орынды деп ұйғарды.

Сайыс Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналғанын айта кетейік. Жарыс өте қызықты және әсерлі өтті. Сынған түскен командалар бір-біріне есе жібергісі келмей, ойын аса тартысты жағдайда өрбіді.

Нәтижесінде бірінші орынды Kashmir FC командасы иеленді. Олардың тыңғылықты дайындығы, біртұтас команда ретінде ойнау қабілеті оларға жеңіс әкелді. Екінші орынды Crease Hunters командасы жеңіп алды. Олардың табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы мақтауға лайық. Үшінші орынды Old Hostel командасы түйіндеді.

Жарысты тамашалаған адамдар эмоцияға толы көңіл-күйді сыйлаған қатысушыларға ризашылығын айтып, турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. 

Бұл іс-шара саламатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы күрес және барлық студентті белсенді болуға ынталандыру тұрғысынан да маңызды болды.

Қатысушыларды жеңіспен құттықтай отырып, оқуда және спортта табысты болуын тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика