Астана медицина университетінде «Мейіргер ісі» мектебі мен «Реабилитология және спорттық медицина» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кинезитерапия және эрготерапия бойынша мамандарды дайындау туралы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты кинезиология және эрготерапия бойынша мамандарды даярлау және кейіннен жұмысқа орналастыру мәселесін және жалпы Қазақстанда кинезитерапия мен эрготерапияны дамыту мәселелерін талқылау болды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жұмыс берушілер – Астана қаласындағы Оңалту орталықтарының, медициналық ұйымдардың басшылары, оңалту саласының сарапшылары мен мамандары, «Реабилитология және спорттық медицина» кафедрасының өкілдері, студенттер қатысты және «Кинезитерапия», «Эрготерапия» білім беру бағдарламаларының түлектері.
Проректор Айгуль Жунусова кіріспе сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді ашты. Мейіргер ісі мектебінің деканы Зәуре Байғожина мен «Реабилитология және спорттық медицина» кафедрасының меңгерушісі Наталья Сливкина қатысушыларды білім беру бағдарламасымен таныстырып, кинезитерапия және эрготерапия түлектерін жұмысқа орналастыруда нормативтік құжаттардың жетілдірілмегендігіне байланысты орын алып отырған проблемаларды айтты.
Денсаулық сақтау саласының сарапшысы, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының медициналық-әлеуметтік саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, реабилитолог Гульзия Бидатованың сөйлеген сөзінде Қазақстанда кинезитерапияны енгізудің алғышарттары үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.
Адамдардың дене шынықтыру мен спортқа деген көзқарасы өзгерген сайын кинезиотерапевтерге сұраныс артып келеді. Олар әртүрлі жастағы адамдардың физикалық дамуын ұйымдастыруға үлкен көмек көрсетеді және жарақаттан кейін денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі. Оқытуда еңбек нарығында сұранысқа ие көп салалы мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін пәнаралық әдіс қолданылады.
«Денсаулық сақтау» оқу бағыты бойынша, оқу-әдістемелік бірлестік қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Сауле Садықова өз сөзінде «Кинезиотерапия» және «Эрготерапия» кәсіби стандартын енгізу перспективаларына тоқталды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қайта қарау кезінде кинезиотерапевттердің кәсіби стандартын қолдану туралы, сондай-ақ кинезиотерапевттер мен кәсіптік терапевттердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді таныстырды, олар бір-біріне сәйкестендірілуі тиіс.
Талқылауға жұмыс берушілердің өкілдері белсенді қатысты: Қазақстан Республикасының бас реабилитологі, медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының» реабилитология бөлімінің меңгерушісі Ғалия Жанасбайқызы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балаларды оңалту жөніндегі маманы, медицина ғылымдарының кандидаты, невролог дәрігері, реабилитолог Мейрам Шәкенов студенттердің және түлектердің сұрақтарына жауап берді.
Түлектер мен студенттер де белсенділік танытты. Түлектер медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасу кезінде кездесетін қиындықтары туралы айтты, студенттерді бұл мамандықтың болашағы қызықтырды.
Талқылау нәтижелері осындай дөңгелек үстелдердің тәжірибе және ақпарат алмасу тұрғысынан тиімділігін көрсетті, кинезитерапевт және эрготерапевт мамандарды даярлау және одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесін ұжымдық және кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, халықты, медициналық ұйымдардың, оңалту орталықтарының басшыларын, практикалық денсаулық сақтау өкілдерін университетте кинезио-эрготерапия бойынша бакалаврларды дайындау, оның қажеттілігі туралы ақпараттандыру бойынша ұсыныстарды талқылау болды және олардын біліктілік сипаттамаларын айқындайтын бірқатар нормативтік құқықтық актілерді жаңарту ұсынылды.