Жұмыс берушілермен кездесу

Жұмыс берушілермен кездесу

Университетте оқу бітіретін түлектер үшін жұмыс берушілермен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. 2024 жылғы 26 наурызда "Фармация" мамандығының түлектерін жұмысқа орналастыру тақырыбы бойынша Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен жұмыс беруші мен түлектердің кезекті кездесуі өтті.

"Астана медицина университеті" КеАҚ-та "Аманат" ЖШС фармацевтикалық компаниясының өкілдері - Е.Н. Герман, Е.М. Бармина және Т. Коваленко «Фармация» мектебінің түлектеріне толық түсініктеме берді.

HR директоры Е.Н. Герман "Аманат" компаниясының тарихы, өз қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыра отырып, олардың дамуына қалай инвестиция салатыны, жаңа жұмыс орындарын қалай құратыны және жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді басшылық лауазымдарға қалай көтеретіні туралы баяндады.

Астана қаласы бойынша дәріханалардың меңгерушісі Е.М. Бармина түлектерді "Аманат" фармацевтикалық компаниялар тобына кіретін "Долголет" ЖШС, "ФОРМАТ.KZ" ЖШС, "Заман Фарм Ритейл" ЖШС, "Интертич" ЖШС және "Витава" ЖШС ұйымдарының құрылымымен таныстырды.

Кездесу еркін форматтағы достық сарында өтті. Осындай кездесулер өте маңызды, себебі олар студенттерге болашақ мамандықтарының ерекшеліктері туралы тікелей білуге мүмкіндік береді және болашақта жұмысқа орналасу және өзін-өзі жүзеге асыру мәселесін шешуге сенімділік береді.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика