2024 жылғы 29 наурызда Астана медицина университетінің қабырғасында «Қазақстан Республикасының тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Медициналық құқық және этика» кафедрасы және Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталық..
Бұған дейін «Медициналық құқық және этика» кафедрасының профессоры, экономикалық саясат институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы К.Т. Арыстанбеков Университет студенттері арасында «Қазақстан Республикасының тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында дәріс оқыды. ТДМ - 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «барлығының жақсы және тұрақты болашағына қол жеткізу жоспары» ретінде әзірлеген 17 өзара байланысты мақсаттардың жиынтығы. Бұл кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлығына бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар.
Пікірсайысқа «Эскулап» пікірсайыс клубының мүшелері, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1-курс білім алушыларынан құралған екі команда қатысты:
1 - Команда - Үкімет:
1) Дүйсенбаев Темірлан
2) Куракова Аружан
2 - Команда - Оппозиция:
1) Айдар Қарақат
2) Аққалов Саят
Пікірталас барысында мәселелер жан-жақты талқыланып, осы тақырыпқа сәйкес әртүрлі көзқарастар ұсынылды, әрбір спикер қоғам мен мемлекет деңгейіндегі мәселелерді жақсы деңгейде атап өтті.