Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ECAQA) сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) сапары

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ECAQA) сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) сапары

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ECAQA) сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) сапары

2024 жылғы 27-29 наурыз аралығында "Астана медицина университетінде" Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының ECAQA сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) сапары өтті.

ССК-нің сапарының мақсаты институционалдық аккредиттеуді, сондай-ақ бакалавриаттың екі білім беру бағдарламасын 6В10104 Фармация, 6В10109 Қоғамдық денсаулық / 6В10119 Қоғамдық денсаулық сақтау және магистратураның екі білім беру бағдарламасын 7М10102 Медицина, 7М10124 Жаһандық денсаулық сақтау бойынша халықаралық аккредиттеуді өткізу болды.

Сыртқы сараптау комиссиясының төрайымы - медицина ғылымдарының кандидаты, "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ балалар аурулары кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, В. Г. Лейбниц медалінің иегері (2012), Еуропалық ғылыми қоғамның М. Петтенкофера (2014), медициналық қызметтердің сапасын бағалау бойынша аккредиттелген тәуелсіз сарапшы Кузгибекова Алма Болатқызы.

Комиссия құрамында шетелдік сарапшы ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Росздравнадзордың "Ұлттық сапа институты" ФМБУ ерікті сертификаттау жүйесінің сарапшы - аудиторы, Бүкілресейлік сапа ұйымының ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі және "стандарттар және сапа "РИА" ЖШҚ, "Медицинадағы сапа менеджменті" журналының сараптамалық кеңесінің мүшесі Куликов Олег Вильевич ұсынылды.

Ұлттық сарапшылар тобының құрамында аккредиттеуге Ұлттық академиялық сарапшылар қатысты: PhD докторы, "Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің "Қазақстан медициналық университеті" ЖШС ректорының кеңесшісі, "Дерматовенерология" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер Бримжанова Маржан Дихановна, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау" кафедрасының басшысы Ермұханова Людмила Сергеевна, "Семей медицина университеті" КеАҚ Қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна, фармацевтика ғылымдарының докторы, "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы профессорының м. а. Бошкаева Асыл Кеңесқызы, сарапшы-практикалық денсаулық сақтау өкілі, медицина ғылымдарының кандидаты, DBA, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Жантуриев Болат Мейірбекұлы, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттерінің өкілдері.

Үш күн ішінде Сараптамалық комиссия мәлімделген мәртебеге сәйкес білім беру бағдарламаларын сапалы ұсыну жөніндегі ұйымымыздың қызметіне бағалау жүргізді, білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен, түлектерімен және жұмыс берушілерімен кездесті, «АстМУ» КеАҚ практикалық сабақтарына, симуляциялық орталығына және клиникалық базаларына (балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия кафедрасы) барды және жедел жәрдем, Малтабарова Нурила Амангалиевна,  - Ангиохирургия және пластикалық хирургия курстарымен хирургиялық аурулар кафедрасы, Омарбеков Ардақ Жарылқасынұлы, №1Акушерия                                және гинекология кафедрасы, Хамидуллина Зайтуна Гадиловна, № 2 қалалық көпсалалы аурухана - №2 Акушерия және гинекология кафедрасы , Ысқақов Серік Саятұлы,  Аллергология, иммунология, гематология және эндокринология каф.  Моренко Марина Алексеевна).


Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне алғысын білдіреді. 
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика