Қызықты неврология

Қызықты неврология

17 маусым мен 21 маусым аралығында неврология кафедрасында "Қызықты неврологиясы" жазғы мектебі өтті. Жазғы мектеп неврология кафедрасының келесі клиникалық базаларында өтті: № 1 Көпсалалы қалалық аурухана, ұлттық Балаларды оңалту орталығы, "Сенім" медициналық орталығы, ІІМ госпиталь.

         Цикл тыңдаушылары неврологияның ғылым ретіндегі жалпы ұғымдарымен және негізгі принциптерімен танысты. Жазғы мектеп циклінде қатысушылар балалар мен ересектердің неврологиялық стационарының, сондай-ақ инсульт қызметінің жұмысын көрді. Курста студенттер жүйке жүйесінің негізгі ауруларымен және олардың диагностикасымен, атап айтқанда электрофизиологиялық зерттеу әдістерімен (электроэнцефалография және т.б.) танысты. Балалар неврологиялық стационарына барған кезде, цикл тыңдаушылары баланың неврологиялық жағдайын бағалауды және диагноз қою мен емдеудің ерекшеліктерін игерді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика