2024 жылдың 10 мен 14 маусым аралығында «Астана медицина университеті» КЕАҚ «Медициналық генетика және молекулалық биология» кафедрасының меңгерушісі Алтаева Н. З. мен аға оқытушы Абдрахманова Б. М академиялық ұтқырлық аясында Ташкент педиатриялық медициналық институтында болды. Онда кафедрада дәріс оқып, педиатрия факультетінің 5 курс студенттеріне практикалық сабақтар жүргізді. Сондай – ақ, аталған оқытушылар «Медициналық генетика» және «Молекулалық биология» пәні бойынша жаңа инновациялық оқыту технологияларын қолдана отырып ізденушілерге, докторанттарға және кафедра ассистенттеріне мастер-класс жүргізді. Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры Алтаева Н. З. мен аға оқытушысы Абдрахманова Б. М. шеберлік сыныбын өткізгені үшін Ташкент педиатриялық медициналық университеті ректоры атынан Сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, «Астана медицина университеті» КЕАҚ «Медициналық генетика және молекулалық биология» кафедрасы мен Ташкент педиатриялық медициналық институтының «Медициналық биология және генетика» кафедрасының арасында меморандум жасалды.