Жазғы мектеп "Оперативті акушерлік және гинекология. Репродуктология " № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасының жұмыс есебі

Жазғы мектеп "Оперативті акушерлік және гинекология. Репродуктология " № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасының жұмыс есебі

№ 1 Акушерлік және гинекология кафедрасындағы жазғы мектеп-

"Оперативті акушерлік және гинекология. Репродуктология" "Астана медицина университеті" КЕАҚ-да «Қысқы және жазғы мектепті ұйымдастыру туралы» Ереженің негізінде ұйымдастырылған.

Жазғы мектептің мақсаты: негізгі білім беру бағдарламаларының көлемінен тыс жалпы мәдени, жаратылыстану-ғылыми және кәсіптік салалардағы барлық деңгейдегі білім алушылардың білімін кеңейту және тереңдету, сондай-ақ білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім алушыларға қосымша қызметтер көрсету болып табылады.

Сабақтар 17.06.2024 ж. бастап 21.06.2024 ж. аралығында бекітілген кесте және жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша № 3 Көпбейінді қалалық ауруханадағы акушерлік блок және ЭКОМед клиника базаларында өткізілді.

      Оқушыларды жазғы мектепке қабылдау өтініштері негізінде жүзеге асырылды. Барлығы 4 студент болды. Теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Теориялық сабақтарды № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі З.Г. Хамидуллина, кафедра доценттері Х.К. Шарипова, Ж.Р. Ажетова жүргізді. Практикалық сабақтар манекендерде дағдыларды пысықтауды, сондай-ақ акушерлік және гинекологиялық операцияларға қатысуды қамтыды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика