Жүрек-өкпе реанимациясының тәжірибелік курсы

Жүрек-өкпе реанимациясының тәжірибелік курсы

2024 жылдың 1 шілдесі мен 5 шілдесі аралығында No1 анестезиология және реанимация кафедрасы жазғы мектеп аясында жүрек-өкпе реанимациясының тәжірибелік курсын өткізді.

Бұл курс студенттерді жүрек-өкпе реанимациясының негіздерімен, соның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің теориялық аспектілерімен, практикалық әдістерімен таныстырады. Олар реанимациялық шараларды орындау, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтарды қолдану дағдыларын бекітіп, меңгерді.

Олар жүрек және тыныс алу тоқтаған кезде шұғыл көмек көрсету, оның ішінде жасанды тыныс алу және кеуде қуысын компрессия жасау әдістері бойынша білім мен дағдыларды меңгерді. Оқытушылардың бақылауымен манекендерде реанимация жаттығуларын жасап, симуляциялық сценарийлерге қатысты.

Курс бағдарламасына сондай-ақ қышқылды-негіздік тепе-теңдікті түзету тақырыптары енгізілген. Студенттер теориялық білім алып, реанимация бөлімшесінде қышқыл-негіздік тепе-теңдікті түзету процесін бақылап, тест жүргізу және нәтижелерді интерпретациялауды үйренді, сонымен қатар тәжірибеде түзету әдістерін қолданды.

Сонымен қатар, курста науқастардың жағдайын бағалау, реанимацияда қолданылатын түрлі дәрі-дәрмектер мен жабдықтарды қолдану бойынша лекциялар мен семинарлар өткізілді. Студенттер клиникалық жағдайды талқылауға белсенді қатысты, бұл оларға процестерді тереңірек түсінуге және төтенше жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика