Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының 2023-2024 оқу жылында өткізген жазғы мектебі туралы есебі

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының 2023-2024 оқу жылында өткізген жазғы мектебі туралы есебі

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында «Медицина» мектебімен бірлесіп 2023-2024 оқу жылына екі жазғы мектеп циклі жоспарланған болатын:

1. «Жоғары ғылым мектебі: ғылыми жұмыстарды жазудың қарқынды курсы». 06.24-28.2024 аралығында бұл курсқа докторант Кожахметова Г.Қ. қатысты. 5 күн бойы кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дусмагамбетов М.У., м.ғ.к., профессор Байдуйсенова А.У., PhD, доцент-зерттеуші Утегенова А.М., аға оқытушы Бекниязова Г.А., оқытушы Ыктияров А.Ә. докторантпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасады.

2. «Клиникалық ойлауды дамытудың интенсивті курсы» (24.06-28.2024 ж.). Осы курстың аясында «Медицина» мектебінің 7 курс интерні Исатай И.Ә. білім алды. Тьюторлар: Ыктияров А.Ә., Байдуйсенова А.У., Рахметова Н.Б., Утегенова А.М., Бекниязова Г.А.

Екі жазғы мектеп курсының нәтижесінде білім алушылар жан-жақты білім алып, кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, медицина саласында табысты жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдыларды меңгерді деп айтуға болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика