Астана медицина университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі құрған 2024 жылғы жетекші медициналық университеттердің Ұлттық рейтингісінің (IQAA-Ranking) және Қазақстан университеттерінің ғылыми басылымдарының рейтингісінің 2024 жылғы көшбасшыларының қатарына кірді.
2024 жылғы жетекші медициналық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде (IQAA-Ranking) АсМУ 2-ші орынды иеленді, ал 2024 жылғы қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми жарияланымдарының рейтингінде Қазақстанның 86 университеті арасында ТОП-10-ға кіріп, 2023 жылдың нәтижесін 9-орынға жақсартты және медициналық жоғары оқу орындары арасында 2-ші орынға ие болды.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі академиялық рейтинг және жетілдіру бойынша IREG Халықаралық обсерваториясы ұсынған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары-2024 ұлттық рейтингінің (IQAA-Ranking) нәтижелерін он алтыншы рет ұсынды. Академиялық деректерді ішінара жоғары оқу орындарының өздері ұсынды, сондай-ақ агенттік ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, "Болашақ" ХБО, Scopus, Web of Science ғылыми жарияланымдарының библиографиялық базалары, РҒДИ, ЕЖБА цифрлық деректер базасы және ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институтының мемлекеттік тізілімі сияқты тәуелсіз көздерден алды.
Жұмыс берушілер, академиялық орта сарапшылары, ЖОО студенттері мен түлектері арасында дәстүрлі түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 962 жұмыс берушілер ұйымы, 267 сарапшы, 19 270 студент және 3 941 түлек қатысты.
Ғылыми жарияланымдар рейтингін есептеу әдістемесі рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің үш библиографиялық және рефераттық деректер қорынан – Scopus, Web of Science (Clarivate – CIS) және Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексі (eLIBRARY) және өткен жылдағы жарияланымдар саны мен олардың сұранысы туралы деректерге негізделген.
Біз ғылымға деген талпынысы мен адалдығы осындай жоғары нәтижелерге әкелетін ғалымдарымызбен, ұстаздарымызбен, білім алушылар арасынан шыққан жас зерттеушілерімізбен мақтанамыз. Университет ұжымын осынау айтулы жетістігімен құттықтап, ғылыми және білім беру қызметінде табыс тілейміз!
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары-2024 ұлттық рейтингінің нәтижелері "Казахстанская правда" газетінде 2024 жылғы 10 шілдедегі санында жарияланды және Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі https://iqaa-ranking.kz/# сайтында қолжетімді.