Астана медицина университетінің білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті

Астана медицина университетінің білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті

Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы мойындаған Білім беру мен денсаулық сақтауды аккредиттеудің және сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық орталығының Аккредиттеу кеңесінің шешімімен Астана медицина университетінің 5 білім беру бағдарламасы 2024 жылғы 26 маусымнан бастап 5 жылға халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Бұл бакалавриаттың білім беру бағдарламалары (6B10123 Медицина, 6В10124 Стоматология, 6В10125 Педиатрия, 6В10126 Медициналық-профилактикалық іс) және резидентура бағдарламасы (7R01120 Нейрохирургия (ересектер, балалар).

Халықаралық аккредиттеу университетіміз үшін ЖОО-ның сапалы білім беруге деген бейілдігін және үздіксіз жақсартуға ұмтылысын растайтын маңызды қадам болып табылады. Бұл біздің бағдарламаларымыздың білім беру қауымдастығында белгіленген жоғары стандарттарға сәйкес келетінін және білім алушылардың ең жоғары деңгейдегі академиялық дайындығын қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында біздің Университет 5 жылға халықаралық институционалдық аккредиттеу процесінен және бакалавриаттың 6B10104 Фармация және 6B10119 Қоғамдық денсаулық/6B10109 Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламалары, сондай-ақ магистратураның 7M10102 Медицина және 7M10124 Жаһандық денсаулық білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредиттеу процесінен сәтті өтті.

Білім беру мен денсаулық сақтауды аккредиттеудің және сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық орталығы (ECAQA) білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің бірі болып табылады. ECAQA сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық тізіліміне (EQAR), Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісіне (APQN) кіреді және жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ECQA) және Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (WFME) толық құқықты мүшесі болып табылады.

ESG және WFME халықаралық стандарттарына негізделген ECAQA аккредиттеу стандарттары «АсМУ» КеАҚ халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келу қабілетін көрсететінін растайды. Университет жоғары деңгейдегі оқытуды қамтамасыз етеді және еңбек нарығында сұранысқа ие түлектерді даярлайды.

Аккредиттеу рәсіміне қатысқан және аккредиттеудің сәтті өтуіне үлесін қосқан университет ұжымына, білім алушыларға, түлектер мен жұмыс берушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Университетіміздегі қажырлы және адал еңбектеріңіздің арқасында алға қарай жылжып, білім беру саласында жаңа белестерге жетуді жалғастырамыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика