Гродно мемлекеттік медицина университеті студенттерінің "Астана Медицина университеті" КеАҚ-да өткен академиялық ұтқырлығы

Гродно мемлекеттік медицина университеті студенттерінің "Астана Медицина университеті" КеАҚ-да өткен академиялық ұтқырлығы

2024 жылғы 1-19 шілде аралығында Гродно мемлекеттік медицина университетінің «Педиатрия» мамандығының 5 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде «Астана медицина университеті» КеАҚ кардиоревматология және гастроэнтерология курстарымен балалар аурулары кафедрасында педиатрия бойынша дәрігерлік-клиникалық өндірістік практиканы табысты аяқтады.

Бағдарламаға үш студент қатысты, олардың ішінде Миронов Даниил Владимирович, Рукша Екатерина Станиславовна, Добровольская Елизавета Дмитриевна 152 сағат көлемінде тәжірибеден сәтті өтті. Студенттер тәжірибелі мамандардың басшылығымен пациенттермен жұмыс істей отырып, өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға бірегей мүмкіндік алды. Тәжірибе әртүрлі балалар ауруларын диагностикалау мен емдеуді, клиникалық зерттеулерге қатысуды және педиатриялық көмектің заманауи әдістерін игеруді қамтыды.

Тәжірибе алмасу аясында студенттерге «АстМУ» КеАҚ мұражайына бару мүмкіндігі берілді, онда олар университет тарихымен, оқытушылар мен студенттердің ғылыми жетістіктерімен, сондай-ақ университеттің көпжақты халықаралық қызметімен танысты. Сондай-ақ Университеттің симуляциялық орталығында болды

Алынған білім мен тәжірибе студенттердің болашақ жетістіктеріне маңызды негіз болып, олардың педиатрия саласындағы жоғары білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенеміз.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика