Астана медицина университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден сәтті өтті.

Астана медицина университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден сәтті өтті.


2024 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті аккредиттеу туралы куәлік берді. Бұл куәлік университеттің соңғы 5 жылдағы ғылыми-зерттеу қызметін бағалау нәтижелері бойынша алынды және "Ғылым қоры"АҚ-дан ғылыми, ғылыми-техникалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының конкурстарына қатысуға одан әрі мүмкіндік береді.

Аккредитация по научной деятельности МУА_2024-2029 (1)___1722927192.95397_page-0002.jpg Аккредитация по научной деятельности МУА_2024-2029 (1)___1722927192.95397_page-0001.jpg


ҚР ДСМ Ғылым комитетіне аккредиттеу барысында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын қызметкерлер туралы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті жабдығы бар халықаралық және республикалық деңгейдегі зертханалар жайлы, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің біліктілікті арттыруы туралы мәліметтер ұсынылды. Бұдан басқа, ҒЗЖ қаржыландырудың жалпы көлемі және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы, зияткерлік меншік объектілері туралы, соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер ұсынылды. Жан-жақты талдау нәтижесінде Астана Медицина Университеті барлық талаптарға сай деп танылып, 5 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде жұмыс істеу құқығына ие болды.

Айта кетейік, құжаттар екі жұмыс күнінде қарастырылған болатын, бұл біздің университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы дәлелді құжаттардың толықтығына байланысты болды.




Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика