2024 жылдың 15-26 шілде және 15-28 тамыз аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ, Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасына KazMSA ұйымындағы SCOPE комитеті бойынша кәсіби білім алмасу бағдарламасымен Түркия, Румыния, Хорватия, Ресей, Египет, Польша мемлекеттерінен студенттер мобильдік тағылымдамаға келді. Кафедра профессоры Асемова Гүлжан Даңқыбекқызы және аға оқытушы, медицина магистрі Ботбаева Мадина Тұрлыбекқызы келген білім алушылармен жазғы семестр сабақтарын өткізді.
Білім алушылар:
1. Osan Eser - Түркия
2. Zeynep Nihal Kaya - Түркия
3. Loredana-Codruța-Katia Drogeanu - Румыния
4. Lovro Pendic - Хорватия
5. Iuliia Tselousova - Ресей
6. Maksymilian Bednarek - Польша
7. Injy Ibrahim Mohamed - Египет
2004 жылдың 15-26 шілде және 15-28 тамыз аралықтарында болған тағылымдама барысында шет елдерден келген студенттерге арнайы күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылды. Медициналық микробиология тақырыптары бактериялардың морфологиясын, физиологиясын, инфекция және иммунитетті, бактериялық, вирустық респираторлы және ішек инфекцияларын, зоонозды және анаэробты, жыныстық инфекциялардың негізін қамтыды.
Білім алушылар кафедрада теориялық білімдермен қатар тәжірибелік дағдылармен танысып, микроскоптан бактерияларды зерттеп өз білімдерін шыңдады. Білім алушылардың өз бетінше атқаратын «Mind map» және тірек белгілері түрлерімен танысып, өз қолдарымен жасап дағдыланды. Биологиялық әдіс арқылы зертханалық тышқанның өлігін ашып зерттеп, қандай инфекциямен зақымданғанын анықтауға тырысты.
Кафедрада берген білімнен бөлек, «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» және ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК бактериологиялық зертханаларында микробиологиялық экскурсия жасалды. Зертхананың жұмыс ережесімен толық таныстырылды, кейбір патогенді бактериялардың қалай өсетіндігі, Vitek машинасында микроорганизмдердің идентификациясын анықтау ұстанымдары түсіндірілді.
Сабақтан тыс уақытта Астана қ.бойынша серуендер жасалды және әртүрлі ойындар арқылы коммуникативтік дағдылар дамытылды. Қорытынды сабақта білім алушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, Қазақстан мемлекетіне, Астана медицина университетіне және Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасына үлкен алғыстарын білдірді.