2024 жылғы 26-30 тамыз аралығында «Астана медицина университеті» КЕАҚ №1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасында визит-профессор Алексей Михаилович «Травматология және ортопедиядағы анестезиология мен реанимацияның таңдаулы мәселелері» атты дәрістер курсын өткізді. Алексей Михайлович Овечкин - медицина ғылымдарының докторы, Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орнының анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры. 2024 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Ортопед-травматологтарының IV Конгресі және Қазақстан Ортопедиялық травматологтар қауымдастығының III Конгресі аясында академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-да аймақтық анестезия бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Конференцияға 74 қатысушы – резиденттер, астаналық ауруханалардың анестезиологтары мен реаниматологтары, сонымен қатар жақын маңдағы қалалардан (Қарағанды, Павлодар, Көкшетау) анестезиология және реаниматология саласының мамандары қатысты.
IV конгресс аясындағы іс-шараның ұйымдастырушысы профессор Айдос Қабиболатұлы Қонқаев жетекшілік ететін «Астана медицина университеті» КЕАҚ No1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасы болды.
Іс-шараның соңында конференцияға қатысушылар қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды.