"Астана медицина университеті" КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы аккредиттелді

"Астана медицина университеті" КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы аккредиттелді

"Астана медицина университеті" КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы аккредиттелді

2024 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұйрығымен «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы МемСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігі бойынша аккредитациядан өтті.

«Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы кезекті 5 жылға өзінің құзыреттілігін растады, бұл РРҚ ҒЗИ-на келесі мүмкіндіктерді береді:

1.   Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларды растайтын құжаттар тізбесі» № 4 бұйрығына сәйкес, 8D10102 «Медицина» және 8D05101 «Биология» мамандықтары бойынша «Денсаулық сақтау» және «Жаратылыстану ғылымдары» салаларында философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыру.

2. Аккредиттеу саласына сәйкес ақылы қызметтер көрсету: техногендік сәулелеу көздерімен жұмыс істейтін персоналды дозиметриялық жеке бақылау; рентгенодиагностика саласында пайдаланылатын рентгенодиагностика аппараттарының, қорғану құралдары мен материалдарының сапасын бақылау және қоршаған орта объектілерін, жұмыс аймағының ауасын, құрылыс материалдарын, металл сынықтарын радиациялық бақылау.

3. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламаларының, «Ғылым қоры» АҚ-ның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының конкурстарына қатысу.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика