Профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Лондонда өткен Еуропалық кардиология қоғамының 2024 жылғы конгресінде инновациялық зерттеулерін ұсынды

Профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Лондонда өткен Еуропалық кардиология қоғамының 2024 жылғы конгресінде инновациялық зерттеулерін ұсынды

Профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Лондонда өткен Еуропалық кардиология қоғамының 2024 жылғы конгресінде инновациялық зерттеулерін ұсынды

2024 жылдың 30 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Лондонда жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған әлемдегі ең үлкен және маңызды конгресс Еуропалық кардиология қоғамының конгресі (ESC 2024) өтті. Бұл іс-шара жыл сайын әлемнің әр түкпірінен жиналған жетекші сарапшыларды, зерттеушілерді және дәрігерлерді біріктіре отырып, Лондонды бүгінгі күні кардиологиялық білім мен инновацияның эпицентріне айналдырады.

Астана Медицина Университеті осы беделді форумға Қазақстан атынан кардиология кафедрасының меңгерушісі, профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов қатысқанын мақтанышпен хабарлайды. Ол жүкті әйелдердегі аритмияны емдеудің бірегей және маңызды аспектілерін көрсететін екі баяндамасын оқыды.

Бірінші баяндама атауы: «Clinical characteristic and zero-fluoroscopy ablation outcomes of tachyarrhythmias in pregnant: a single center study». Профессор Әбдірахманов өзінің алғашқы презентациясында жүкті әйелдердегі тахиаритмияны флюорографияны қолданбай абляциялауға арналған бірегей зерттеудің нәтижелерін ұсынды. Ана мен ұрықтың ағзасына радиацияның әсерін азайтуға мүмкіндік беретін бұл әдіс қарқынды дамып келе жатқан аритмология жағдайында өзекті бола түсуде. Оның баяндамасы конгресс қатысушылары арасында үлкен қызығушылық пен белсенді пікірталас тудырды, өйткені ұсынылған әдіс жүктілік кезінде аритмияны бастан кешіретін әйелдердің өмір сүру сапасын және нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады.

Екінші баяндама: «Clinical evidence of pacemaker implantation during gestation: a case series». Профессор Әбдірахманов өз баяндамасында жүкті әйелдерге кардиостимуляторды имплантациялау тәжірибесі талданған бірқатар клиникалық жағдайларды ұсынды.

«Жүктілік кезінде кардиостимуляторды имплантациялау – жоғары кәсібилікті және көптеген факторларды ескеруді талап ететін күрделі және жауапты процесс. Біздің зерттеуіміз осындай науқастарды жүргізуге кешенді және дисциплинааралық тәсілдің қажеттігін көрсетеді» - деп атап өтті профессор Әбдірахманов.

Профессор Әбдірахмановтың екі баяндамасы да Қазақстанда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, әлемдік кардиология қауымдастығына елеулі үлес қосып, дүние жүзіндегі әйелдердің денсаулығын жақсартудың жаңа жолдарын ашты.

Астана Медицина Университеті профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов сынды көрнекті ғалымдардың оқу орнымызды медициналық білім мен тәжірибедегі озық орталығы ретіндегі беделін одан әрі нығайта отырып, әлемдік аренада таныстыруын мақтан тұтады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика