Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын «АстМУ» КеАҚ студенттерімен талқылау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын «АстМУ» КеАҚ студенттерімен талқылау

2024 жылғы 10 қыркүйекте Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталығы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлымен, м.ғ.д. профессор, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ибрагимов Жамаладен Ибрагимовичпен және медициналық құқық және этика кафедрасы меңгерушісінің м.а. Абдилов Қанат Серікұлымен бірлесіп "Астана медицина университеті" КеАҚ студенттерімен Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Жолдауын талқылады.

Спикерлер өзекті мәселелермен қатар, Елбасы алға қойған міндеттермен де таныстырды.

Мемлекет басшысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі бағыттары бойынша алдағы жұмыс перспективаларын айқындайтын тапсырмаларын іске асыру стратегиясы талқыланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика