Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 14-інші қыркүйек күні өткен "атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық пікірдің маңыздылығы" тақырыбы аясында Астана қаласының студенттері арасында пікірталас өткізілді.
Пікірталас мақсаты – еліміздегі АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумге бағытталған сындарлы пікір алмасу алаңын өткізу, ел жастарының азаматтық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған пікірталасқа Университетіміздің 2 курс білім алушыысы Дуйсенбаев Темірлан мен 1 курс білім алушысы Алтыбай Аружан қатысып 2 орынға ие болды.
Білім алушыларымызды иеленген 2 орын алуымен құттықтаймыз, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз.