Профилактикалық әңгіме

Профилактикалық әңгіме

2024 жылдың 02 қазанында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерімен Астана қаласының Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері А. Қонысбек және Б. Кушеновпен «Интернет алаяқтықтың негізгі әдістері мен жолдары» және «Дроперлердің әрекеттерінің теріс әсері және салдары» тақырыбына кездесу өтті.

Спикерлер білім алушыларға интернет-алаяқтықтың заманауи әдістері, зиянды мобильді қосымшалар туралы, оларды орнату арқылы банк карталарыңыздағы барлық қаражатты жоғалтуға болатыны туралы, қауіпті интернет сілтемелері туралы, оны басу арқылы жеке деректеріңізге қол жеткізуді оңай ашуға болатыны туралы айтып берді.

Кездесу өте қызықты өтті, студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, спикерлерге сұрақтар қойды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика