КеАҚ «Астана медицина университеті» студентеріне арнап ұйымдастырылған психологиялық іс-шаралар

КеАҚ «Астана медицина университеті» студентеріне арнап ұйымдастырылған психологиялық іс-шаралар

КеАҚ «Астана медицина университеті» студентеріне арнап ұйымдастырылған психологиялық іс-шаралар

КеАҚ «Астана медицина университеті» бірінші курс студенттеріне психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқыту үдерісіне табысты бейімделуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазанында Мейірбике ісі мектебінің 17 студентінің қатысуымен кездесулер өтті. Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 қазанында педиатрия мектебінің қазақ топтарымен кездесу өтті, оған 103 студент қатысты. Іс-шаралардың мақсаты – студенттерді университеттің психологиялық қызметімен, оның міндеттерімен және мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Кездесулер барысында мен, университет психологы, студенттерге жаңа оқу ортасына бейімделу қиындықтарын қалай жеңуге болатынын, тұлғааралық қарым-қатынасты реттеуді, сондай-ақ өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту дағдыларын жақсартуды түсіндірдім. Ерекше назар кәсіби бағдарлау және тұлғалық өсу мәселелеріне аударылды.

Негізгі оқиғалардың бірі ұжымдық үйлесімділікке бағытталған тренинг болды, оның барысында студенттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын көрсетіп, топта жұмыс істеуді үйренді. Тренинг студенттерге жаңа жағдайларға бейімделуге, эмоциялық тұрақтылықты дамытуға және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Іс-шаралар студенттердің оқу үдерісіне табысты бейімделуіне және қолайлы атмосфераны қалыптастыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, жатақханаларда қосымша іс-шаралар өткізілді. 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Г. Потанин көшесі, 9 мекенжайы бойынша «Қақтығысты жағдайларда эмоциялық өзін-өзі реттеу. Эмоциялық тұрақтылықты қалай сақтауға болады?» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттерді күйзеліспен күресу дағдыларына үйрету, сондай-ақ қақтығыс кезіндегі жағымсыз эмоциялар мен ойлармен жұмыс істеу үшін саналы және когнитивтік-іс-әрекеттік әдістерді меңгеру. Қатысушылар эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін тыныс алу және арт-терапия бағытындағы жаттығуларды үйренді.

2024 жылдың 2 қазанында Женіс көшесі, 35 мекенжайында «Сіз өзіңізді білесіз бе?» тақырыбында екінші тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттердің «Мен» ұғымын, эмоционалды түрде түсініп, талдай білуге және өзін-өзі тануды дамытуға бағытталған. Тренинг барысында студенттер рефлексия дағдыларын дамытып, өздерінің эмоциялық реакцияларын талдап, стресстік жағдайлармен күресудің тәсілдерін, оның ішінде тыныс алу жаттығулары және арт-терапиялық жаттығулар арқылы стрессті жеңілдету тәсілдерін үйренді.

Барлық іс-шаралар студенттердің жоғары қызығушылығын, олардың тұлғалық дамуға дайындығын және үдерістегі белсенді қатысуын көрсетті. Бұл кездесулер студенттерге сәтті бейімделу үшін қолайлы атмосфера құрып, олардың академиялық және тұлғалық өсу жолындағы маңызды қадамдарын жасауға көмектесті.

Мен студенттерге олардың академиялық және тұлғалық өсу жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектескеніме қуаныштымын.

 

 

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер – психологы Сарбасова К.Қ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика