Шетелдік профессор Павел Андреевич Воробьевтің «Астана медицина университеті» КеАҚ-ға сапары

Шетелдік профессор Павел Андреевич Воробьевтің «Астана медицина университеті» КеАҚ-ға сапары

Шетелдік профессор Павел Андреевич Воробьевтің «Астана медицина университеті» КеАҚ-ға сапары

2024 жылғы 14-18 қазан аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының "ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь" базасында шақырылған профессор Павел Андреевич Воробьев дәріс сабақтарын өткізеді.

Воробьев П. А. - медицина ғылымдарының докторы, Тверь мемлекеттік медицина университетінің цифрландыру және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының профессоры, Мәскеу қалалық терапевттер ғылыми қоғамының Басқарма Төрағасы, «Фармакоэкономикалық зерттеулер қоғамы» өңіраралық қоғамдық ұйымының президенті, «Клиникалық геронтология» журналының бас редакторы. 20 жылдан астам уақыт бойы И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің гематология және гериатрия кафедрасын басқарды. Университеттің денсаулық сақтаудағы стандарттау бөлімінің бастығы және жасаушысы. 27 қорғалған диссертацияның ғылыми жетекшісі. 700-ден астам ғылыми жарияланымдар мен 100-ден астам кітаптардың авторы.

Іс-шараның ұйымдастырушысы - м.ғ. д., профессор Б.А. Айнабекова басқарған «Астана медицина университеті» КЕАҚ Гастроэнтерология, Эндокринология және пульмонология курстары бар ішкі аурулар кафедрасы.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика