Астана медицина университеті Times Higher Education - 2025 халықаралық рейтингінде

Астана медицина университеті Times Higher Education - 2025 халықаралық рейтингінде

Бүгін университеттердің ең беделді жаһандық рейтингтерінің бірі Times Higher Education World University Rankings 2025 рейтингінің нәтижелері жарияланды.

Бұл рейтинг университеттерді білім сапасы, халықаралық қарым-қатынас, дәйексөз және өнеркәсіптік табыс (білім алмасу) бойынша бағалайды. Астана медицина университеті осы рейтингіге алғаш рет қатысып, Reporter мәртебесін алды. Reporter мәртебесі университеттің халықаралық аренада танылғанын және Times Higher Education сарапшыларының назарын аударатынын көрсетеді. Бұл оқиға біздің университеттің халықаралық беделін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады және әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келуге деген ұмтылысымызды айғақтайды.

Еліміздің 120 университетінің ішінде бұл рейтингіге Қазақстанның 23 университеті кірді, оның ішінде тек екі медициналық жоғары оқу орны бар.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика