Осы демалыс күндері, 2024 жылғы 28-29 қыркүйекте, NURIS Назарбаев Университетінің инновациялық кластері және Назарбаев университетінің Әлеуметтік Даму Қорының біріккен қолдауымен sustainable Innovation and Technology Foundation (SITF) зерттеу жобалары мен Deeptech-стартаптар байқауын коммерцияландыруға бағытталған Founders` Weekend іс-шарасын өткізді. Біздің университет атынан гериатрия курсы бар ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Смагулова Әлия Құрманбекқызы (CEO) - "Safe pregnant" жобасымен және "Фармация" ББ 403 тобының студенттері Алиева Назым (СЕО) және Шаихов Мадияр (бірлескен-founder) – "GTrack" жобасын таныстырды. "Safe Pregnant" жобасы қалыпты жүктілікті дайындауға және сақтауға, ауруларды ерте диагностикалау және әртүрлі патологиялары бар жүкті әйелді бақылауда жүргізу тактикасын анықтауға бағытталған. "GTrack" стартапын жасаушылар қант диабетімен ауыратын науқастарға қандағы глюкозаны үздіксіз бақылау үшін инвазивті емес глюкометрді ұсынды.
Біздің өкілдеріміз өз әзірлемелері мен бизнес модельдерін конкурстық қазылар алқасына лайықты түрде ұсына алды, жобаларды жақсарту және қажетті пысықтау бойынша құнды ұсыныстар берілді. Осы тренингке қатысу, технологиялар мен инновациялар саласындағы жетекші дербес сарапшылардан кеңес алу, түрлі салалардың қатысушыларымен желілік байланыс жүргізу, Біздің университеттің имиджін дамытуға және қолдауға табысты әсер ететіні сөзсіз.
Қатысушыларымызға одан әрі табысты жұмыс және жетістіктер тілейміз!