АСТАНАДАҒЫ «ОРТА - АЗИЯЛЫҚ АРИТМИЯ САММИТІ»: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

АСТАНАДАҒЫ «ОРТА - АЗИЯЛЫҚ АРИТМИЯ САММИТІ»: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2024 жылғы 17-18 қазанда Астана қаласында Астана медицина университетінің

60 жылдығы мерейтойы аясында аритмия бойынша «Орта – Азиялық Аритмия саммиті» өтті. Биылғы жылы саммит 20-дан астам мемлекет пен 200-ден астам дәрігерлердің басын қосып, Қазақстан, Ресей, Түркия, Чехия, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Польша, Венгрия, Қытай және тағы да басқа әлемдік кардиология саласында маңызды оқиғаға айналды.

Саммит Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлыбаев Ержан Шәкірұлы мен Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Талғатұлы Надыровтың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөздерінде олар Орта - Азиядағы аритмологияны дамыту үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ саммит аритмияны емдеу саласындағы ғылыми жаңалықтар мен жаңа инновациялық ашылулардың стимулы болатынына сенім білдірді.

Саммиттің маңызды сәті қатысушыларға нақты уақыт режимінде соңғы техникалармен танысуға және жетекші әлемдік сарапшылармен клиникалық жағдайларды талқылауға мүмкіндік беретін Life - case форматындағы бірегей операциялардың бейнетрансляциясы болды.

1. Чехиядан алынған Life - case: Трансляция Клиникалық және Эксперименттік Медицина Институтының (IKEM, Чехия) операциялық бөлмесінен жүргізілді, онда профессор Джозеф Кауцнер Afera Medtronic жүйесін пайдаланып жүрекшелер фибрилляциясын емдеудегі импульстік өріс абляциясын (PFA) көрсетті. Бұл әдіс өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігіне байланысты мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырады және аритмияны емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

2. Түркиядан алынған Life - case: Екінші бейнетрансляция Хаджеттепе университетінің операциялық клиникасынан (Анкара, Түркия) жүргізілді, онда профессор Хикмет Йоргун ишемиялық қарыншалық тахикардияны радиожиілік абляциясы (РЧА) әдісімен таныстырды. Бұл іс-шарада интервенциялық кардиологияда стандартқа айналған соңғы технологиялар мен тәсілдер көрсетілді.

Саммит Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы (EHRA), Дүниежүзілік аритмия қоғамы (WSA), Қазақ аритмология қоғамы және Жібек жолы жүрек ырғағы қоғамы сияқты түрлі ұйымдар мен қауымдастықтар өкілдерін жинады. Қатысушылар арасында Хосе Мерино (Испания), Али Ото (Түркия), Джозеф Кауцнер (Чехия), Сергей Попов (Ресей), Томас Диринг (АҚШ), Ласло Гелер (Венгрия) сияқты көрнекті спикерлер мен осы саланың білікті сарапшылары болды.

Астана медицина университеті жанындағы жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру және Қазақстандағы аритмологиялық қызметтің дамуы туралы баяндама жасаған профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахмановтың қосқан үлесі ерекше. Қазақ аритмология қоғамының президенті, сондай-ақ «Жібек жолы жүрек ырғағы» қоғамының президенті және халықаралық аренада танымал сарапшы ретінде профессор Әбдірахманов саммитті ұйымдастыру комитетін басқарып, оны өткізуге белсене атсалысты.

Саммит емдеудің соңғы ұсынымдары мен стандарттарын талқылайтын, озық әдістер мен технологияларды ұсынатын бірегей алаңға айналды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ынтымақтастық перспективаларын талқылады және өңірдегі аритмологияны дамытудың жаңа бағыттарын белгіледі.


 

Саммиттің маңызды толықтыруларының бірі жетекші әлемдік сарапшылар өткізген шеберлік сабақтары болды. Бұл іс-шаралар қатысушыларға білімдері мен дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар аритмология саласындағы соңғы жетістіктермен және инновациялармен танысуға бірегей мүмкіндік берді.

1. 2024 жылғы 25-26 қыркүйек - жүрекшелердің фибрилляциясын емдеудегі импульстік өріс абляциясы (PFA). Доктор Серж Боведтің жетекшілігімен, Франция.

Мастер-класс жүрекшелердің фибрилляциясын емдеуге белсенді түрде енгізіліп жатқан жаңа перспективті импульстік өрісіт абляция техникасына арналды. Серж Боведа заманауи технологияларды ұсынып, оларды пайдалануды нақты клиникалық мысалдармен көрсетті, бұл құнды білім беру тәжірибесі болды.

2. 2024 жылғы 15 қазан – Гис шоғырының сол жақ тармағын стимуляциялау (LBBAP). Оператор: Яцек Гайек, Польша

Яцек Гайек дәстүрлі стимуляциялаудың перспективті баламасына айналып келе жатқан LBBAP техникасы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар бұл әдістемені клиникалық тәжірибеде қолдану бойынша тәжірбиелік кеңестер алды.

3. 2024 жылғы 16 қазан – Қазақстанда TrueForce™ контактілі катетердің іске қосылуы. Оператор: Ян Яо, Қытай (EverPace қолдауымен)

Ян Яо EverPace компаниясы қолдайтын жаңа TrueForce™ контактілі катетер технологиясын ұсынды. Бұл мастер-класс Қазақстандағы клиникалық тәжірибеге озық технологияларды енгізудегі маңызды қадам болды.

Бұл шеберлік сабақтары қатысушыларға аритмология саласындағы кәсіби байланысты нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал еткен озық техникалар мен технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.

Орта - Азиялық аритмия саммиті Астана медициналық университетінің медицина ғылымы мен білім беру саласындағы көшбасшы ретіндегі жоғары мәртебесін растады. Бұл шара мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның аритмология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналып келе жатқанын көрсетті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика