Е.Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының Салауатты өмір салты орталығы Астана қаласының тұрғындарын аурулардың алдын алудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруға бағытталған ауқымды ақпараттық кампанияны сәтті жүзеге асыруда.
Кампания аясында ағартушылық ақпарат қала орталығындағы жолдар бойындағы 10-нан астам билбордтар мен ситибордтарға орналастырылды. Жарнамалық материалдар 30 күн бойы тәулік бойы көрсетіліп, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне тұрақты назар аудартады.
Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы LED және SMART экрандарда институт мамандары толық әзірлеп, ұсынған бейнероликтер көрсетілуде, бұл олардың ғылыми негізділігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық материалдар мен бейнероликтердің тақырыптары мына бағыттарды қамтиды:
• Жұқпалы аурулардың алдын алу: туберкулез, ЖРВИ, вирустық гепатит, жедел ішек инфекциялары (ЖІИ), вакцинация, АИТВ, ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ).
• Жұқпалы емес аурулардың алдын алу: онкология, қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, бронх демікпесі.
• Қауіпті мінез-құлық факторларының алдын алу: темекі, алкоголь, есірткі қолдануды болдырмау.
• Салауатты өмір салтын насихаттау: физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану.
• Репродуктивті денсаулықты қорғау: отбасыны жоспарлау және емізу.
Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, ғылыми негізделген ақпараттың кең аудиторияға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Кампания Астана қаласының тұрғындары арасында қоғамдық денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.