«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

2024 жылдың 1 қараша күні «Астана медицина университеті» КеАҚ, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының ұйымдастыруымен «Медицина» мектебінің мемлекеттік тілде оқитын 2 курс студенттері арасында «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: кафедра профессоры, м.ғ.к. Асемова Гүлжан Даңқыбекқызы, кафедра профессоры, м.ғ.к. Урекешов Бақтыберген Садықұлы, аға оқытушылары, әрі академиялық топтардың кураторлары: медицина магистрлері Ботбаева Мадина Тұрлыбекқызы, Акимбекова Эльмира Муханмадияқызы, биология ғылымдарының магистрлері Дүйсебекова Гульбану Прәліқызы, Сарсенова Әйкерім Григорий-Абатқызы.

Әділқазылар алқасы: м.ғ.д., профессор Досмағамбетов М.Ө., б.ғ.к., профессор Рахметова Н.Б., м.ғ.к., профессор Асемова Г.Д., м.ғ.к., профессор Урекешев Б.С., м.ғ.м. Бекниязова Г.А. Сонымен қатар, әділқазы алқасы қатарында арнайы шақырылған қонақтар да болды: Білім беру технологияларын трансферттеу орталығының аға әдіскері Утенова Гульнур Магауяновна, «Медицина» мектебі деканының орынбасары Тулиева Алия Молдабаевна.

Олимпиада өткізу үшін «Медицина» мектебінің 2 курс білім алушыларының 201-240 топтары арасынан «Медициналық микробиология, вирусолоия және паразитология» пәні бойынша өткізілген тесттен ең жоғарғы балл жинаған 35 студент іріктеліп алынды. Әрі қарай, жиналған студенттер жеребе бойынша командаларға бөлінді. Нәтижесінде бес студенттен тұратын 7 команда құралды.

Олимпиада 3 бөлімнен тұрды:

Бірінші бөлімде микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясы, инфекция және иммунитет бөлімі бойынша барлығы 30 сұрақ берілді. Екінші бөлімде кроссворд шешті. Үшінші бөлімде әрбір командаға жеке клиникалық жағдайлық есептер берілді, командалар ауызша жауап берді. Әрбір бөлімнің жауаптарын әділ-қазылар тексеріп бағалап отырды.

Олимпиада барысында командалар жалпы және жеке микробиология бойынша алған білімдерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Олимпиада нәтижесінде «ТРИУМФ» және «ВИРУСЫ ВИКИНГТЕР» командалары I дәрежелі дипломмен, «ИММУНОГЛОБУЛИН» командасы II дәрежелі дипломмен, «МИКРОИМПЕРИЯ» және «МИКРОМИР» командалары III дәрежелі дипломмен, «ELIT» және «MICRO MASTERS» командалары IV дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осы олимпиадаға атсалысқан кафедраның барлық оқытушыларына және медицина мектебінің 2-курс білім алушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика