«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

   «Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада

2024 жылдың 31 қазан күні «Астана медицина университеті» КеАҚ, Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада «Медицина» мектебінің орыс тілінде оқитын 2 курс студенттері арасында өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: кафедра профессоры, м.ғ.к. Асемова Гүлжан Даңқыбекқызы, кафедра профессоры, м.ғ.к. Урекешов Бақтыберген Садықұлы, аға оқытушылар әрі академиялық топтардың кураторлары медицина магистрлері Ботбаева Мадина Тұрлыбекқызы, Акимбекова Эльмира Муханмадиқызы, биология ғылымдарының магистрлері Дүйсебекова Гульбану Пралықызы, Сарсенова Әйкерім Григорий-Абатқызы.

Әділқазылар алқасы: м.ғ.д., профессор Досмағамбетов М.Ө., б.ғ.к., профессор Рахметова Н.Б., м.ғ.к., профессор Асемова Г.Д., м.ғ.к., профессор Урекешев Б.С. Сонымен қатар, әділқазы алқасы қатарында арнайы шақырылған қонақтар да болды: «Білім беру технологияларын трансферттеу орталығының» аға әдіскері Утегенова Гульнур Магауяновна, В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының аға оқытушысы Тохаева Майра Базарбековна, «Медицина» мектебі деканының орынбасары Ахметова Айнур Маратовна.

Олимпиада өткізу үшін «Медицина» мектебінің 2 курс білім алушыларының 241-262 топтары арасынан «Медициналық микробиология, вирусолоия және паразитология» пәні бойынша өткізілген тесттен ең жоғарғы балл жинаған 15 студент іріктеліп алынды. Әрі қарай, жиналған студенттер жеребе бойынша командаларға бөлінді. Нәтижесінде бес студенттен тұратын 3 команда құралды.

Олимпиада 3 бөлімнен тұрды:

Бірінші бөлімде микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясы, инфекция және иммунитет бөлімі бойынша барлығы 30 сұрақ берілді. Екінші бөлімде кроссворд шешті. Үшінші бөлімде әрбір командаға жеке клиникалық жағдайлық есептер берілді, командалар ауызша жауап берді. Әрбір бөлімнің жауаптарын әділ-қазылар тексеріп бағалап отырды.

Олимпиада барысында командалар жалпы және жеке микробиология бойынша алған білімдерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Олимпиада нәтижесінде «СИМБИОЗ» командасы I дәрежелі дипломмен, «ПАТОГЕН - HUNTERS» командасы II дәрежелі дипломмен, «MICRO - MASTERS» командасы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осы олимпиадаға атсалысқан кафедраның барлық оқытушыларына және медицина мектебінің 2-курс білім алушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика