Психологиялық іс-шаралар: шетелдік білім алушылар мен KazMSA қатысушыларына арналған тренинг және мастер-класс

Психологиялық іс-шаралар: шетелдік білім алушылар мен KazMSA қатысушыларына арналған тренинг және мастер-класс

4 қараша 2024 жылы сағат 20:00-де Г. Потанин көшесі, 9 мекенжайындағы жатақханада шетелдік студенттерге арналған «Өзіңізді білесіз бе?» атты психологиялық тренинг өтті. Іс-шараға 26 адам қатысты. Тренингтің мақсаты — білім алушыларды университеттің психологиялық қызметімен таныстыру және оқу жағдайына бейімделуге көмектесу.

Тренингтің мақсаты: өзіңіз туралы білімді және түсініктерді өзектендіру.

Тренингтің міндеттері:

•        Танысу ұйымдастыру және жағымды эмоционалды фон қалыптастыру;

•        Бірлескен іс-әрекетке ынталандыруды қалыптастыру;

•        Адамның өзін-өзі тану жүйесі туралы түсініктерді дамыту;

•        Өзіндік «Мен»-ді түсінуді ынталандыру.

Теориялық бөлімде қатысушылар «эмоция», «стресс», «эмоционалды интеллект» сияқты негізгі ұғымдармен танысты. Теориялық аспектілерді талқылағаннан кейін, қатысушылар практикалық тапсырмаларға көшті. Бірінші тапсырма — «Мендегі 10 позитивті және негативті жақ» жаттығуы, ол өзін-өзі тану және адамның күшті және әлсіз жақтарын түсінуге бағытталған. Кейіннен «Саналылық тәжірибесі» техникасы өткізілді, онда қатысушылар қысқа рефлексия жаттығуын орындап, эмоцияларының физикалық деңгейдегі көріністерін (денедегі кернеу, жүрек соғысы және т.б.) талдады. Бұл жаттығу стресс жағдайларында және қақтығыстарда эмоцияларды диагностикалау мен басқаруға үйретуге ықпал етті.

Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылық білдірді, тренингтің пайдасын атап өтіп, оң пікірлер қалдырды.

7 қараша 2024 жылы сағат 17:00-де университеттің 51-ғимаратындағы 510 аудиторияда KazMSA ұйымының мүшелеріне арналған «Диагностикалық маскалар» (маскотерапия) тақырыбында арт-терапия бойынша мастер-класс өтті. Іс-шараға 25 адам қатысты.

Техниканың мақсаты: жеке тұлғалық ерекшеліктер мен көлеңкелі жақтарды диагностикалау.

Мастер-класс барысы:

Кіріспе бөлімде қатысушылар маскотерапияның теориялық негіздерімен танысты: маскаларды жасаудың психологиямен байланысы, маскалардың адамның өміріндегі маңызы мен тарихы, маскотерапия модельдері. Теориялық бөлімнен кейін білім алушылар «Бұл Мен» образы ретінде жеке маскаларын жасауға кірісті. Маска жасау процесі терапиялық және диагностикалық сипатқа ие болып, қатысушыларға ішкі сезімдерін және ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Рефлексия кезеңінде қатысушылар өздерінің эмоциялары, жаңалықтары мен өзіндік түсініктерімен бөлісті. Қатысушылар мастер-класс өте пайдалы болды деп атап өтті және болашақта осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

 

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы Сарбасова Қ.Қ.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика