«Құрмет» орденінің иегері м.ғ.д., профессор Серік Байдуринді ұлықтау

«Құрмет» орденінің иегері м.ғ.д., профессор Серік Байдуринді ұлықтау

      Нефрология, гематология, аллергология, иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының кезекті отырысында «Құрмет» орденінің иегері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Аманкелдіұлы Байдуринге құрмет көрсетілді.

      Республика күні қарсаңында Астанада дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін құрметтеуге арналған «Мәңгі жаса, қыран елім – Қазақстан» салтанатты шарасы өтті. Президенттің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Байдурин «Құрмет» орденімен марапатталды.

     Серік Аманкелдіұлы – белгілі гематолог, гастроэнтеролог, ревматолог, терапевт, педагог, ішкі аурулар саласындағы зерттеулері отандық медицинаның дамуына зор үлес қосқан дарынды ғалым. Қызмет барысында жас мамандардың тәлімгері болып, бірнеше дәрігерлер буынын оқытып шығарды, білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

    Жиналған қауым Серік Аманкелдіұлының кәсіби шеберлігімен қатар адамгершілігін, мейірімділігін және қолдауды қажет ететін кез келген адамға қол ұшын беруге дайындығын атап өтті.

    Ұлықтау барысында әріптестері Серік Аманкелдіұлының еңбек жолындағы естеліктері мен маңызды сәттерін зор мақтанышпен айтып еңбек ардагерін құттықтап, жылы лебіздерін арнады.

    Бұл іс-шара ұжымның бірлігі мен ынтымақтастығының нышаны болды, сондай-ақ Отан игілігі үшін қызмет етіп, өз ісін адал атқарып жүрген еңбек ардагерлерін бағалаудың маңызды екенін еске салды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика