2024 жылғы 25-29 қараша аралығында "Семей медицина университеті" КЕАҚ дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасы қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы өтті. Қауымдастырылған профессор, PhD Қасым Лаура Талғатқызы резиденттерге, магистранттарға, "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Медицина" мамандықтары бойынша бірінші оқу жылының докторанттарына арналған "Ғылыми хат" пәні бойынша дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. Оқу үдерісі аясында шолу мақалаларын жазу әдістемесі (жүйелі және әдеби шолулар), түпнұсқа зерттеулер, Scopus және WoS дерекқорларында индекстелген журналдарды таңдау, диссертацияларды қорғауға қойылатын талаптардың өзгеруі сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды. Доцент-зерттеуші, PhD Кусаинова Асия Абихасовна "Жалпы медицина" және "Стоматология" мамандықтары бойынша екінші және үшінші курс студенттеріне арналған "Ғылыми зерттеулер негіздері" тақырыбында дәрістер топтамасын өткізді. Оқытушы зерттеу тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, ғылыми зерттеулердің құрылымы мен негізгі кезеңдері, ғылыми жетекшіні таңдау, студенттік ғылыми жобаларды жазу сияқты тақырыптарды қозғады. Тыңдаушылардың кері байланысы мұндай бастамалардың жоғары оқу орындары арасындағы академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін және жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамуына көмектесетінін көрсетті.