«Өзіңе апарар жол: өзін қабылдау өнері»

«Өзіңе апарар жол: өзін қабылдау өнері»

«Өзіңе апарар жол: өзін қабылдау өнері»

Күні мен уақыты: 2024 жылғы 4 желтоқсан, сағат 20:00

Өткізу орны: Студенттер үйі, Жеңіс даңғылы 35

Қатысушылар саны: 15 адам

Тренингтің мақсаты: Қатысушылардың өздерін дұрыс бағалау қабілетін қалыптастыру, саналы және жағымды өзін-өзі қабылдауды дамыту.

Міндеттері:

•        Өзіндік қарым-қатынасқа әсер ететін факторлар туралы түсінік беру.

•        Қоршаған адамдардың өзін қабылдауға ықпалын түсіну.

•        Ішкі құндылықтар, сенімдер мен көзқарастар негізінде өзіндік қарым-қатынас қалыптастыруға ынталандыру.

Тренинг барысы: Тренинг өзін-өзі тану және өзін-өзі қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар жаттығулардан тұрды.

1.       Жаттығу: «Сәлемдесу»

Мақсаты: жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

Әдістемесі: қатысушылар шеңбер бойынша бір-біріне жылы сөздер айтып, комплименттер білдірді.

2.       Жаттығу: «Тұлға пирогы»

Мақсаты: жеке тұлғаның көпқырлы болмысын түсіну.

Әдістемесі: қатысушылар өздерінің жеке қасиеттерін бейнелейтін сурет салып, «ішкі көз» ұғымын өзін-өзі танудың символы ретінде талқылады.

3.       Жаттығу: «Өзін зерттеу»

Мақсаты: өзіндік қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіну.

Әдістемесі: қатысушылар өздерінің ішкі әлемі мен сыртқы ортаның ықпалын көрсететін екі шеңберден тұратын схема жасады.

4.       Жаттығу: «Пікірлер»

Мақсаты: қоршаған адамдардың өзін-өзі қабылдауға әсерін түсіну.

Әдістемесі: қатысушылар бір-біріне метафоралық сипаттамалар айтып, жағымды қасиеттерін атап өтті.

5.       Жаттығу: «Арал»

Мақсаты: психоэмоциялық кернеуді азайту.

Әдістемесі: қатысушылар топтық ойын элементтері бар жаттығуды орындап, ұжымдық байланысты нығайтты.

6.       Жаттығу: «Сабақтан алған әсеріңіз…»

Мақсаты: қатысушылардан кері байланыс алу.

Әдістемесі: қатысушылар тренингтен алған әсерлері мен сезімдерімен бөлісті.

Қосымша техника: «Сәттілік алақаны»

Мақсаты: өз күшті жақтарын түсіну және өзін-өзі бағалауды арттыру.

Әдістемесі: қатысушылар қағаз бетіне алақандарын сызып, әр саусаққа өздерінің жағымды қасиеттерін жазып, суреттерін символикалық элементтермен безендірді.

Барлық жаттығулар қызығушылықпен орындалып, талқылаулар қызу өтті. Қатысушылар тренингтің пайдалы болғанын және өздерін, күшті жақтарын, сондай-ақ даму аймақтарын тереңірек түсінуге көмектескенін атап өтті. Оларға қоршаған ортаның өзіне деген көзқарасқа әсерін және ішкі құндылық жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын түсіну ерекше әсер қалдырды.

Тренинг соңында қатысушылар өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, осындай тренингтерге болашақта да қатысқысы келетінін жеткізді.

 

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы Сарбасова Қ.Қ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика