2024 жылдың 11 желтоқсанында сағат 20:00-де Жеңіс даңғылы 35 мекенжайындағы Студенттер үйінде «Өз-өзіңді бағалау» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Іс-шараға 32 адам қатысты.
Тренингтің мақсаты:
Қатысушылардың өздерін дұрыс бағалауға, айналадағы адамдардың өзіндік қарым-қатынасқа ықпалын түсінуге және ішкі құндылықтар жүйесін дамытуға үйрету.
Тренингтің міндеттері:
• Өз-өзіне қарым-қатынастың көпқырлы екенін түсіндіру.
• Өз-өзіне деген қарым-қатынасқа әсер ететін факторларды анықтау.
• Қоршаған ортаның өзін-өзі бағалауға ықпалын түсіну.
• Жеке сенімдер мен құндылықтарға негізделген өзін-өзі бағалауды дамытуға ынталандыру.
Тренингтің негізгі кезеңдері:
1. Арт-терапиялық техника «Өзің жайлы бес жақсы сөз»
Танысу және жағымды эмоционалдық фон қалыптастыру мақсатында қатысушылар өз күшті жақтарын түсінуге бағытталған тапсырманы орындады.
• Орындалу кезеңдері:
Қатысушылар қағазға алақандарын сызып, әр саусаққа бір жағымды қасиетін жазды және суретті рәміздік бейнелермен толықтырды. Кейін бұл қасиеттердің өмірде қалай көмектесетінін талқылады. Жаттығу қолдау мен сенім атмосферасын құрды.
2. «Эмоциялар мен стресс» тақырыбындағы талқылау
Қатысушылар стресс түрлері, эмоциялардың денсаулыққа әсері және жағымсыз эмоцияларды жеңу жолдары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, психосоматикалық аурулар мен олардың эмоционалдық жағдаймен байланысы қарастырылды.
3. «Өзін-өзі зерттеу» техникасы
Қатысушылар екі шеңберді бейнеледі: біреуі ішкі әлемді («Мен»), екіншісі өзін-өзі бағалауға әсер ететін сыртқы әлемді білдіреді. Талқылау барысында сыртқы және ішкі факторлардың өзін-өзі бағалауды қалай қалыптастыратыны және адамның бұл процестегі рөлі қаралды.
4. «Пікірлер» жаттығуы
Қатысушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін метафоралар арқылы атап шықты. Бұл жаттығу өзін-өзі бағалауды қалыптастырудағы айналадағы адамдардың оң бағасының маңыздылығын түсінуге көмектесті.
5. Қорытынды рефлексия «Сабақта… болды»
Әр қатысушы өз сезімдері мен ойларымен бөлісіп, «Бүгінгі сабақта маған… болды» деген сөйлемді аяқтады. Өзін-өзі тануда ең тиімді болған жаттығулар талқыланды.
Қатысушылар тренингтің барлық кезеңдеріне белсенді қатысты, өз сезімдері мен стрессті жеңу тәжірибесімен бөлісті. Арт-терапия жаттығулары олардың өздерін тереңірек түсінуіне және өз қасиеттеріне оң көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік берді.
Көпшілік тренингтің пайдалы және шабыттандырарлық болғанын атап өтіп, осындай іс-шараларға болашақта қатысуға ниет білдірді.
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығының аға әдіскер-психологы Сарбасова Қ.Қ.